Бокстан жасөспірімдер арасында Талдықорған қаласының ашық біріншілігі өтті. Жарыс қорытындысына сәйкес, Алматы облысының мамандандырылған жекпе-жек түрлері спорт мектебінің боксшылары жалпыкомандалық есепте бірінші орынды иеленді, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған сайысқа 70-ке жуық спортшы қатысты. Жас боксшылар 10 салмақ дәрежесі бойынша шеберлік байқасып, шаршы алаңның көрігін қыздырды.

Жарыс нәтижесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер Алматы облыстық спорт басқармасы және қалалық спорт бөлімі тағайындаған дипломдармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK