Мұғалім- мәртебелі мамандық

162

Ұстаз-қастерлі, ұлағатты сөз.  Әр жанның көкіректегі жүрегіне ерекше жылулық нұрын төгетін аяулы тұлға ол- мұғалім.  Бүгіннен немесе кешеден ғана ұлы мамандық иелеріне құрмет көрсетіліп келе жатқан жоқ, ықылым заманнан бері ұстаздықтың шоқтығы биік тұр. Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл Мұғалімдер күніне орай өткен салтанатқа қатысты.

-Құрметті  ұстаздар қауымы кәсіби мерекелеріңіз  құтты болсын. Оқушыларға саналы білім мен зерделі тәрбие беру ісіне бүгінде 3 мыңға жуық ұлағат иесі тер төгіп келеді. 60-тан астам  балабақша балдырғандарды тәрбиелеуге үлес қосуда. Сіздердің қажырлы еңбектеріңізге табыс, денсаулық пен бақыт тілеймін,-деді шаһар басшысы.

 Мұнан кейін жүздеген  мұғалім облыс пен қала әкімдерінің және салалық білім мекемлерінің марапаттарын иеленді. Ал ардагер 10 ұстазға «Еңбек ардагері» төсбелгісі табысталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз