Талдықорғанда қалалық қазақ күресі федерациясы және спорт бөлімінің мұрындық болуымен белдесу күресінен жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылған сайыста қала спортшылары бірінші орын алды.

Аталмыш додаға Ақсу, Сарқан, Балқаш, Іле, Көксу аудандырының және жергілікті жердің жас спортшылары қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Ақсу ауданы – 3-ші, Балқаш ауданы – 2-ші орынды иеленді. Ал, Талдықорған қаласының балуандары жалпыкомандалық есеп бойынша топ жарды.

Жарыс жеңімпаздары қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің дипломдарымен, кубоктарымен, медальдарымен марапатталды.

Турнир көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK