Латын графикасына көшудің тиімділігі зор

3010
Дереккөз

Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек. Біз бұл мәселеге неғұрлым дәйектілік қажеттігін терең түсініп, байыппен қарап келеміз және оған кірісуге Тәуелсіздік алғаннан бері мұқият дайындалдық. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды, бәрін де латын әліпбиімен басып шығара бастауға тиіспіз» — деп еді. Бұл ретте бірқатар өзекті шаралар қолға алынуда.  ҚР Премьер-Министрі А.Мамин қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия отырысын өткізіп,  атқарылған жұмыстар талқыланды.

Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі  төл тарихымыздың қазығы екені мәлім. Тұңғыш Президентіміз «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін халықтың болашағы зор болады деп сенемін. Өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің  табысты болуының кепілі дегеніміз – осы» — деп тұжырымдады. Еліміздің дамуын сөз еткенде, өткен тарихын  әрдайым есте ұстап, тарихтан тағылым алу керектігін ескертеді. «Тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани код»  ретінде XX  ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектерін, тілтанымдық мұрасын әрдайым басты назарда ұстауымыз қажет. Тарихымыз бен тіліміздің өзара сабақтасар сәтіне барша қауым аса үлкен даярлықпен қадам басуы керек деп ойлаймын.  Ғалымдар мен тіл мамандары төл әліпбиіміздің дұрыс қалыптасып,  олқылықтардың орнын толтыру жолында жүйелі жұмыстар атқарды. Нәтижесінде әліпби қазақ тілінің жазу дәстүрінде орныққан «бір дыбыс – бір әріп» принципіне толық сәйкес келеді.

Мади Шакенов, Талдықорған қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK