Текеліде оқу орталығы ашылды

556
Дереккөз

«Текелі барыс» кәсіпорынының жанынан жұмыссыз азаматтарды тігін ісіне баулитын оқу орталығы жұмысын бастады. Онда оқу тегін, әрі мемлекеттік шәкіртақы төленеді. Орталық 2017-2021 жылдарға арналған «Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында жұмыссыздарды  қысқамерзімді оқыту  мақсатында ашылған.

«Текелі барыс» ЖШС басшысы Әйгерім Сәкенқызы «Оқу орталығында теориялық және тәжірибелік сабақтар өткізуге арналған бөлмелер бар. 13 тігін машинасы, қажетті маталар мен материалдарды сатып алдық. Оқушылар білім алумен бірге тапсырыс қабылдап, оны уақытылы орындап отырады. Курстың соңына қарай қатысушылардың кейбірін компаниямызға жұмысқа орналастырсақ, ал, қалғаны өз кәсіптерін ашуға біліктіліктері мен мүмкіндіктері жетеді деген сенімдеміз», — деп қазіргі таңда 30 текеліліктің жаңа мамандық игеруге ниет білдіріп отырғандығын айтты.

Дереккөз

Кәсіпкерлер палатасының Текелі қалалық филиалының директоры Тұрысбек Жұмаділов алдағы уақытта «Текелі тау-кен өңдеу кешенінде» металлургия саласына қажетті мамандарды дайындайтын оқу орталығын ашу жоспарланғанын тілге тиек етті. Айта кетейік, ағымдағы жылы облыс көлемінде  аталмыш бағдарлама аясындағы білім беру курсы бойынша 500 адамды оқыту жоспарлануда.

Бізді  TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! AppStore-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK