Ерлігі елге ұран, ұрпаққа үлгі

463
фото А.Нұршанов

Ақпан айының 15 күні Кеңес әскерінің  Ауғанстан жерінен шығарылғанына 29 жыл. Жыл сайын еліміздің  әр аймағында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келген еске елу шарасы биыл да жалғасты. Талдықорған халқы  орталық саябақтағы ескерткіш алдына жиналып сол бір қанды майдан, қарулы қақтығыста қаза тапқандардың рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

фото А.Нұршанов

Бір минуттық үнсіздікпен басталған шараға аймақтағы Ауған соғысы ардагерлері және жергілікті билік өкілдері мен жастар қатысты. Жиналған қауым алдында сөз алған облыстық Ауған соғысы ардагерлері үйлестіру кеңесінің төрағасы Ержан Данабеков: «Жалпы бұл соғысқа қазақ даласыннан 22 мыңнан астам жауынгер аттанған. Оның 900-ге жуығы сол майданда көз жұмып, 21 еш дерексіз кеткен. Ал, Алматы облысынан 3601 адам аттанса, олардың 173 қаза тауып, 2-і із-түссіз жоғалған. Қазір облыс орталығында 2 мың 500 ардагер тұрады. Олардың біразы түрлі деңгейдегі мүгедектіктеріне байланысты жардемақы алады. Негізі соғыстың басталған уақыты 22 желтоқсан. 15-ші ақпан соғыстың біткен күні. Сол үшін бұл күнді біз үлкен мереке санап, қаза тапқандарды еске аламыз. Келесі жылы соғыстың аяқталғанына 30 жыл толады. Соны атап өту үшін биылдан бастап үлкен дайындық жасалмақ. Енді ардагерлердің әлеуметтік  жағдайына келсек, жыл сайын осы күні әр жауынгерге 50 мың теңгеден бір жолғы көмек беріледі. Бұдан сырт әр адам ай сайын 14 мың теңгеден астам қосымша жәрдем ақы алады. Бүгінгі басқосудың жастарға тәрбиелік мәні зор»  – деді.

Шара соңы шаһардағы тұрғын үй коммуналдық бөлімінің  ғимаратындағы  мәжіліс залында жалғасып, концерттік бағдарламаға ұласты.

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK