Ұлт руханияты құнды қазыналармен толықты

633
фото Айдын Нұршанов

Биыл танымал ақын, Халықаралық «Алаш» əдеби сыйлығының иегері Сəкен Иманасовқа 80 жыл. Қазіргі кезде Жетісу жұрты қарымды қаламгердің мерейтойы аясында өтетін іс-шараларды бастап кеткен. Облыс орталығы Талдықорғандағы «Тіл сарайында» ұйымдастырылған алғашқы басқосуда ақынның жаңадан жарық көрген бес томдық шығармалар жинағының тұсауы кесілді. Оған ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, жазушы Бексұлтан Нұржекеев сынды ақын-жазушылар мен жерлестері  қатысып, ақын еңбектері жайында орамды ой толғады.

фото Айдын Нұршанов

Мемлекеттік тапсырыспен жарық көрген жаңа кітаптың таралымы 5000 дана. Кітапты Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері «Алатау» полиграфиялық корпорациясының президенті Ырым Кененбаев құрастырған. Басылымға автордың сыр-сұхбаттары, əңгімелері, өмір жайлы ой-толғамдары мен бүгінге дейін еш жерде жарияланбаған тың өлеңдері енгізілген. Сондай-ақ, «Жазушы баспасындағы жиырма жыл», «Айтып-айтпай не керек» сынды шығармалары топтастырылған. Алматы облысының мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасының басшысы Ақан Әбдуəлиевтің айтуынша, бұл тек биыл жыл бойы өтетін шаралардың бастамасы ғана. Алдағы уақытта ақынның туған аймағындағы әрбір аудан, қалаларда түрлі шаралар ұйымдастырылып,  республикалық жыр мүшəйрасын өткізу жоспарда. Еске сала кетсек, 1938 жылдың  2-ші мамырында Алматы облысы Алакөл ауданының Талапкер ауылында дүниеге келген Сәкен Құсайынұлы өмірінің соңғы сәттеріне дейін ізгі ізденіспен өткен. Марқұмның көзінің тірісінде 35 жеке кітабы, 18 аудармасы жарық көрген.

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK