Қыз-келіншектердің денсаулық күтіміне қатысты кеңестер

1056

Әйел денсаулығы бүкіл өмірінде бірнеше кезеңнен тұратын өзгерістерден өтеді. Оның әрқайсысы әйелдің психологиясы мен денсаулығына әсер ететіндіктен оларға ерекше күтім керек. Одан бөлек, ғалымдар әйел денсаулығын сақтау үшін мына маңызды нәрсені орындауы керек деп санайды.

  1. Британ ғалымдары бактерияға қарсы сабындармен жиі жуынуға болмайды деген тұжырымға келіпті. Мұндай сабындар әйелдің бактериалдық тепе-теңдігін бұзатын көрінеді. Себебі антисептикалық күшке ие сабын әйелдің нәзік ағзасындағы бөгде ғана емес, пайдалы өз бактериясын да жойып жібереді. Содан әйел жиі суықтайтын болады дейді зерттеушілер.
  2. Әйелдерге қызыл шайды көбірек ішкен пайдалы. Ол ауыз қуысындағы бактерияларды өлтіреді. Сол арқылы тіс жегісін болдырмайды, әрі тамырлардың түйіліп қалуына жол бермейді. Ал ауыз қуысындағы бактериялар жүрек-қан тамырларының тарылуына себеп болатынын Америка ғалымдары дәлелдеген.
  3. Барлық газдалған тәтті сусындарда фосфор қышқылы (Е338) болады. Ол ағзадағы кальцийді жуып кетеді. Ал кальций жетіспеушілігі әйел шашының түсуіне, тісінің мүжіліп, тырнағының сынуына себепші. Одан бөлек сүйегінің жұқарып, майысқақ болуына жол ашады. Ондай жағдайда 40 жастан кейін әйелдің бойы кішірейіп, бүкірейе бастайды. Бұл тапшылық баланың дамуына да үлкен кедергі.
  4. Наркологтар аз мөл¬шерде ішкен алкогольдің зия¬ны жоқ дегенмен, онкологтар әрбір тамшы ішімдіктің әйел ағзасындағы рак клеткасының «оянуына» себепші болатынына алаңдайды. Тіпті, пайдалы дейтін қызыл шараптың өзі сүт безі қатерлі ісігінің қаупін ұлғайта түседі екен. Себебі нәзік жаралған әйел ағзасы мұндай улануды көтермейді.
  5. Фолий қышқылы әйелдің ағзасы сау, терісі сымбатты, ұрпағы сау болуы үшін аса керек витамин. Сондай-ақ, ол әйел жанарының жарқылын сұлуландырып, көру қабілетін жақсартады. Оны В6 және В12 витаминдерімен қоса жылына екі рет ішу сау әрі жас көрінудің төте жолы.
  6. Артық салмақтан арылу үшін диетолог кеңесінсіз түрлі фитошай ішіп, азықтан бас тарту әйел сүйегін әлсіздендірумен қатар тез әжім түсуіне, иммунитетінің төмендеп, жұқпалы дертке шалдығу қаупін арттыра түседі. Сондықтан тым толық та, тым арық та болудың қажеті жоқ. Ал салмақ тастау керек болса, міндетті түрде жас пен ағза ерекшелігіне лайық диетаны дәрігер тағайындағаны жөн.
  7. Соңғы зерттеулер жатыр мойны қатерлі ісігіне темекі тартатын әйелдер¬дің көп шалдығатынын анықтаған. Түтіннің одан басқа да басқа зиянды жағы жетерлік.
  8. Күн сәулесінен бөлінетін Д витаминінің жетіспеушілігі иммунитеті әлсіз әйелдерді бедеулікке соқтыратынын Йель университетінің ғалымдары дәлелдеді. Сондай-ақ, поликистоз дертіне шалдығушылардың 95 пайызында осы жетіспеушілік байқалған. Сондықтан әйелдердің күнінен 1-2 сағат күн астында серуендегені дұрыс.
  9. 9. Безеуге қарсы, күнге күюден сақтайтын мазьдарды жиі пайдалану әйел терісін 40 жастан кейін тез қартаюға жетелейді. Сондықтан оларды барынша аз пайдалануға тырысқан абзал.
  10. 10. Халықаралық психикалық саулық ұйымының деректері бойынша, орта жастан кейін әйел стресс пен уайымға берілгіш келеді екен. Тіпті жер бетіндегі әрбір төртінші әйел созылмалы күйзелістен зардап шегетін көрінеді. Оның тұрмыстық тауқыметтен бөлек екінші себебі триптофан аминқышқылының жетіспеушілігінде жатыр. Оны банан, ірімшік, өрік пен күркетауық етінен табуға болады.
  11. 11. 30 жасқа дейін кем дегенде екі бала туып, олардың әрқайсысын 2 жас¬қа дейін емізген әйел аналық және сүт безі қатерлі ісігіне сирек шалдығады, ревматоидты артрит ауруына шалдығу қаупі де өте аз болады екен. Мұны Швед ғалымдары растайды.
  12. 12. Жер шарындағы әйелдердің шамамен 70 пайызы арқасының ашып, белінің қақсап ауыратынына шағымданады. Жас ұлғайған сайын қаттырақ мазалай түсетін бұл дертті болдырмау үшін гантель көтерген дұрыс екен. Ол іштің тартылуына, терінің болбырап босап кетпеуіне көмектеседі.
  13. 13. Әйелдердің 86 пайызында түрлі асқазан дерті бар дейді дәрігерлер. Асқазан мен ішек қатерлі ісігі осыдан бастау алатынын ескерсек, әйелдер іштің жай ғана кебуіне, асқазанның қыжылдауына қалыпты нәрсе деп қарамай, емделгені дұрыс көрінеді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының  мәліметтеріне қарағанда,  денсаулықтың 55 пайызы адамның өзіне, оның өмір сүру салтына байланысты болса, 15 пайызы  қоршаған ортаның әсері, тұқым қуалаудан   және 5 пайызы ғана дәрігерлерге  байланысты  болады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK