Қапшағай қаласында қазақ күресінен 2006-2007 жылғы жасөспірімдер арасында Алматы облысының Чемпионаты өтті. Аталмыш додада Талдықорған қаласының спортшылары жалпыкомандалық есепте 2 орын алды, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Жарысқа дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қаламыздан 15 спортшы іссапарға жіберілген болатын. Сайыс барысында қала спортшылары 1 алтын, 2 күміс және 1 қола жүлдеге ие болды. Команда бапкері Е.Иманғалиев.

Жарыс көрермендерсіз және барлық санитарлық сақтық шараларын қатаң сақтап өткізілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK