Қазақстанда 11-сынып оқушылары үшін Ұлттық бірыңғай тестілеудің сынақ байқауы басталды. Әр аймақтың бас санитар дәрігері тестілеуді өткізу ережелерін бекітті.

 Мәселен, Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері С. Бейсенова 11-сынып оқушылары үшін 20 қаңтар мен 5 ақпан аралығында күндізгі режимде сынақ ҰБТ өткізу туралы қаулыға қол қойды. Тестілеу Гумилев атындағы ЕҰУ, Сейфуллин атындағы ҚазАгро, Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті базасында күшейтілген санитарлық шараларды сақтай отырып өтуде.  Дезинфекция құралдарын қолдана отырып, ылғалды желдету ұйымдастыру; желдету жүйелері мен ауаны желдету жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету; кіреберісте, дәліздерде әрбір 50-100 метр сайын санитайзерлер орнату; талапкерлерді кіргізу кезінде олардың арасы кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты сақтау; ЖРВИ және тұмау белгілері бар оқушылар тестілеуге жіберілмейді.

Ал Талдықорған қаласында да 20 қаңтарда сынамалық ҰБТ басталды. Бұл күні 95 мектеп бітіруші  оқушы қатысты. 87-сі қазақ тілінде, 8-і орыс тілінде тапсырып шықты. Сынақ кезінде барлық санитардық шаралар сақталды. Жалпы алғанда, сынаққа  «Алтын белгі» иегерінен үміткер 8 оқушы және ерекше үлгідегі аттестаттан  3 үміткер қатысып, бақтарын сынады. Байқау сынағы әр талапкердің өз жеке өтініші бойынша ақылы  өткізілуде.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK