Ақын Мәден Ғаниұлы 1968 жылы  2 қыркүйете   Тарбағатай  өңірінде дүниеге келген. Университеттен мал дәрігерлік мамандығы бойынша білім алған. Жастайынан әдебиетке жаны құмар тума дарын иесі қазір поэзия және проза жанрында да қарымды қалам тербеп келеді. Автордың жан тебірентер жырлары мен «Босқындар болмысы», «Айығу»,  «Намыс», «Сергелдең күндерде» атты  повестері, «Ақ марқа» «Бір топ шайтан» «Жылан ордасы» «Әкесінен бұрын туған бала» сынды әңгімелері қалың оқырман қауымының жоғары бағасына ие. Бұл жолы қаламгердің редакциямызға келіп түскен «Тау, бұлақ, оппа» атты толғауын оқырман назарына ұсынамыз.

ТАУ,  БҰЛАҚ, ОППА

Алып тауларды туада жаным сүйеді,

Елім деп еңіреген ерлердің,

Жатыр сонда қастерлі сүйегі.

Асыл рухы тұр таулардай қасқайып,

Секілді көк күмбез аспанның тіреуі.

Сан қаламгер жазды ғой жыр етіп,

Оқыған жанның езілген жүрігі.

 

Есіңе алдың ба сонны, бүгінгі «ерлерім»?

Қан-терден өнген бақыттың балын жегенде,

Көрдің бе тауларға шығып үңіліп?

Ұлы тарихтың жатқанын тереңде.

Көмілген болар талай батыр бес қаруымен,

Бел, белес, кенере, кезеңге.

 

Осы таулардың бір сайын өрлесем,

Кіргендей болам, бейіштің сарай-үйіне.

Ондағы байлықты деп мүлде ойламаймын,

Қарынбайдан қалған тегін дүние.

Естісем құстар әнін, бұлақ үнін,

Ұйығандай болам Құрманқажы күйіне.

Күллі Алаш мақтан еткен егейлерге,

Оқығым келед бір бәйіт сүйіне.

 

Тап-таза, мөлдір, түр-түсімен,

Ой салар ойнақы күлкісімен,

Ағады бұлақтар, тау дейтін асыл жерден.

Тау ғой сол, суларды жарату үшін,

Ару анадай шудалы бұлттарды емген.

Тағы да тауғай сол, жер-ана емшегі,

Тіршілік иесіне уызын берген.

Ақ бұлақ, айна бұлақ, жасырмайды,

Кескіндеп, сан суретті қасына келген.

Алыстан жаһұт аспан,

Күн мен Ай бетін көрген.

Аумайды адамзат үшін ағылған,

Азаматтық ашты терден.

 

Кездеспес мұндай жомарттық,

Өзіндегі нәрді өзгенің өзегіне төсеп,

Аманда бір тынбай ағу міндет,

Шапқылап шар-тарапқа борыш өтеп.

Мың бұралып жатады толқынданып,

Арудың бұрымындай

Сезімнің отын көсеп.

 

Көрсеңші, сұлу судың жойқын күшін,

Көк жартастың кеудесін жарып аққан,

Таусай-таусай малтаға айналдырған,

Кесек-кезек тасты да  қара батбатнан.

Кездескен кедергіні сүзіп өтіп,

Құшақтап, ұмар-жұмар ала қашқан.

 

Барады ол, сонау қағыр шөлейттегі,

Малшының отардағы қосына да,

Бір шәугім шай болсада қайнау керек,

Бұрқ-сарқ ілініп мосығада.

Бару керек, күлкісін бір бұзбастан,

Мыңдаған гектар атыз басынада.

 

Бару керек қала мен ауылға да,

Тамырдағы қандардай тулап-тулап.

Айналу керек ол да өлең-жырға,

Ақ қағаз беттерінде шумақ-шумақ.

Ол жайнатқан жаннаттай бақша-бауда,

Тіршілік ләззат алсын аунап-қунап.

 

Амал не, осындай бір алтын бұлақ,

Жол бойы жолығып жүр оппаларға,

Асаудай құрықталған, ілініп ноқталарға.

Сәбидің сезіміндей мөлдір тұлға,

Оппаның опатымен жоқ болар ма?

 

Обыр көз оппаларға тойым бар ма?

Жұтқан сайын қоймайды шімірігіп,

Бұлқынып есіл бұлақ қайрандайды,

Пайдасыз бетбақтарға сіміріліп.

Атыздар шөлден ұшқан сарғаюда,

Отар мал оттыға алмай тілі кұйіп.

Судағы сіңер жерге себілмесе,

Ел үшін мұның өзі тірі күйік.

 

Ойсырап әкем марқұм орынындай,

Көп жерден кезігеді құр ағындар.

Сол кезде аттан түсіп, шытымды алып,

Көз жасты бұлақ етіп жылағым бар.

Оппалар нәлет айтам, құлағың сал,

Байқа-байқа, судың да сұрағы бар.

 

Жапырағы қураған ағаштай боп,

О бұлақ, шөлдеп тұрмын, қызып тұрмын,

Көз құным кеткендей боп оппаларға,

Тек қана іштен жанып, тынып тұрмын.

Ұлы тау, сенде туған бөлтірік ем,

Шәншіліп саған қарап ұлып тұрмын,

ұлып тұрмын!

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK