Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздері — Ту, Елтаңба және Гимні сипаттамалары және ресми пайдаланылу тәртiбi, конституциялық «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік рәміздер туралы» заңмен белгiленген. Бұл заң 2007 жылдың 4 маусымында қабылданған болатын.

Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба, Мемлекеттік Гимн. Олар елдің саяси тәуелсіздігінің, егемендігінің белгісі болып табылады.

Туды айқындайтын элементтердің бірі – оның түсі. Көк түстің таңдалуы кездейсоқ емес, ол адалдықтың, мінсіздіктің және сенімділіктің белгісі.

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата.

Бүгінгі Елтаңба − Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлихан секілді сәулетшілердің шығармашылық ізденіске толы үлкен еңбегінің жемісі.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік әнұранның негізі – ол халық арасында кең тараған «Менің елім» атты патриоттық өлең. Әнұран – халық жүрегінің соғуы, армандардың қорытпасы болып табылады.

Әнұран ресми рәміз ретінде, Қазақстанның болашағы мен өзінің болашағына сенетін қазақстандықтардың ортақ қазынасына айналып кетті.

Біз тәуелсіздікке қол жеткізгенімізге 30 жыл болды, енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеу, қастерлеу әрбір азаматттың парызы екендігін бәрімізге мәлім.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының мемлекеттік стандарты 2007 жылы қабылданған.

Содан бері Мемлекеттік Ту дайындау (өндіру) заң бойынша бекітілген тәртіпке сәйкес берілетін тиісті рұқсат арқылы ғана жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туының стандартына енгізілген өзгеріске сай, Ту сабына пішіні мен өлшеміне сай ұштық бекітіледі, оның ұзындығы 245 мм болуы тиіс, аталған өзгеріске дейін, ол 150мм болған.

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Токаев қолданыстағы заңнамада, туымыздың орналасуын шектейтін дәлсіздіктер бар екендігін атап өткен.

Сондықтан заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану ережелерін қайта қарау қажет екендігін тілге тиек еткен.

Осыған орай, Қазақстан Республикасының рәміздерін орналастыру ережесіне өзгерістер енгізілді. Олар:

Жеке және заңды тұлғаларларға, ғимараттарда (тұрғын үйлерде және тұрғын емес үй-жайларда), оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын пайдалануға мүмкіндік берілген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасының стандартын 2014 жылы Республикалық комиссия қабылдады.

Бұл стандартқа, Мемлекеттік Елтаңбаны сапалы жасауға арналған келесі өзгерістер енгізілді:

Мемлекеттік Елтаңбаның түсіне қойылатын талаптары қайта қаралды, атап айтқанды:

Елтаңбаны жасау кезінде, өлшеміне, түсіне келтірілген кемшіліктерді ескере отырып, ауытқу шегі енггізілді.

Стандарталған бақылау (зерттеу) тәсілідері енгізілді, бұл Елтаңба жасаушылардың өндірісін, стандарттарда көрсетілген талаптарын, параметірлерін бақылауға және де даулы сұрақтар туындағанда стандартқа сәйкестігін анықтауға мүмкіндігін ашады.

Мемлекеттік Елтаңба өндірушілердің сапалы өнім өндіру үшін, Елтаңбаны қолдануға кепілдік мерзімі 3 жыл етіп енгізілді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәміздерін, Туды, Елтаңбаны дайындау, пайдалану, қолдану, орналастыру, орнатуда, Қазақстан Республикасының рәміздер туралы заңнамасын бұзған үшін, әкімшілік құқықбұзушылық кодексісінде шаралар қарастырылған. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 418 бабына сай,

1. Ұлттық стандарт талаптарына сәйкес келмейтін, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындаған кәсіпорындарға- жиырма бес айлық есептік көрсеткіштен екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы заңнамасын бұза отырып, пайдаланған (орнатқан, орналастырған) қолданған мемлекеттік мекемелерге — ескерту жасауға немесе бес және отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген.

«Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы. ұлттық стандартының барлық мәтіні бойынша «ҚАЗАҚСТАН» деген жазуды «QAZAQSTAN» латын графикасында жазу бөлігінде өзгеріс енгізілген.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыруды жүзеге асыру бойынша өтпелі кезең айқындалып, (ауыстыру мерзімі шамамен 1,5 жылдан 2 жылға, яғни 2022 жылдың 1 қаңтарына дейін созылды).

Қазақстанның Туын, Елтаңбасын, Гимнін әр бір қазақ елінде тұратын және оны өз отаным деп білетін азамат, жүрегінің терең түкпірінде сақтап, қашанда жадында ұстауы қажет.

Қазақстанның туы тұғырлы болсын!!!

Барлық сұрақтар бойынша: Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне хабарласуға болады, мекен жайы: Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Қаблиса Жырау көшесі,69А үй, байланыс телефоны:

8728 (24-20-51).

Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы: Төлеужанов Марат Төлеубекұлы.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK