VII шақырылымдағы Парламенттің 1-сессиясына қатысып, сөз сөйлеген  Президент Қ.Тоқаев  өзінің негізгі ұстанымы туралы айтты. Осы жиында  елімізде бала құқықтарын қорғап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік бақылауды күшейту керектігін мәлімдеді.

«Біз бала құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды мәселелерді шешуге тиіспіз. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, балалар арасындағы суицид пен буллингтің алдын алу үшін мемлекеттік бақылауды күшейтіп, тиімді тетіктерді қарастырған жөн», — деді Мемлекет басшысы.

 Одан бөлек,  еліміздегі омбудсмен институтының жұмысы турасында да сөз қозғалды. «Бізде омбудсмен институты бар. Бірақ, ол әзірге өзінің әлеуетін толық көрсете алмай отыр. Сондықтан, жақын арада Омбудсмен туралы арнаулы заң қабылдауымыз керек», — дейді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Әрине, бала-болашағымыз. Сондықтан да,  олардың алаңсыз  оқып, білім алуына, саналы тәрбиеленуге  барлық жағдайлар  жасалуы керек.  Балаларға үйде, қоғамда жасалатын қатыгездікке қарсымыз. Әр бала бақытты болуы  үшін  жылулықты айналадан сезініп өсуі тиіс. Президенттің  бірнеше басымдыққа мән бере айтқан сөзін қолдаймын.

                                                                                   Батима Аринова, зейнеткер.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK