Коронавирустың жаңа штаммын жұқтырған балалардың 30%-ының тәбеті жоғалады. Вирустың мұндай белгілері көбінесе 1 жасқа дейінгі балаларда байқалатын көрінеді. Бұл туралы Express жазды,- деп хабарлайды taldykorgan-online.kz.

Сарапшылардың айтуынша, коронавирустың «британиялық» штаммын жұқтырған балаларда бірқатар айрықша белгіні анықтауға болады.

Яғни, вирус жұқтырған балалардың басым бөлігі тез шаршап қалатын көрінеді. Сонымен қатар тұйық болып қалатындары да бар екен. Індетке шалдыққан емізулі балалар әдеттегіден қатты жылап, жұбатқанға көнбеуі мүмкін.

Бұдан бөлек балалардың дені басы ауыратынын айтып шағымданса, кейбіреулері іші ауыратынын айтқан. Дәрігерлер балалардың осындай шағымдарын елеусіз қалдырмауға шақырады.

Жұқпалы ауру жұқтырған балалардың тең жартысында 37 градустан жоғары температура жиі анықталады.

Сондай-ақ тамақтың ауруы вирусты жұқтырғанның бір белгісі болуы ықтимал.

Дәрігерлердің сөзінше, вирус жұқтырған 1 жасқа дейінгі балалардың 35 пайыз шамасында тәбет жоғалады.

Айта кетейік, Ұлыбританияда SARS-CoV-2 коронавирусының жаңа мутацияланған түрінің пайда болғаны желтоқсанның ортасында анықталды. Британияның респираторлық вирустарға қатысты консультациялық кеңесі коронавирустың бұл түрі өте жылдам қарқынмен таралып жатқанын айтып, дабыл қақты. ДДСҰ еуропалық өңірлік бюросының директоры Ханс Клюге  мәлімдеуінше, мутацияланған жаңа штамм Еуропаның 22 мемлекетінде анықталған.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK