«Jetisy Media» ақпараттық алаңында «Алматы облысындағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай және оқу жылындағы III- тоқсанның басталуы» атты баспасөз-мәслихаты өтті.  Спикерлер Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық  бақылау департаменті басшысының орынбасары Асхат Чарапиев пен Алматы облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары   Айжан  Адамбекова қазіргі коронавирустық ахуалға тоқталды.

Суретті түсірген Данияр Сағындықов

Жалпы алғанда, Алматы облысында короновирустық инфекцияның эпидемиологиялық жағдайы тұрақты.

Жыл басынан бері 459 жағдай тіркелді, оның 244-і симптомды.

Соңғы аптада, 4-10 қаңтар аралығында, КВИ-дің ең жоғары өсу қарқыны 0,7%-ды көрсетті.

Соңғы тәулікте КВИ-дің 63 жағдайы тіркелген болса,  оның ішінде 27-сі симптомдық.

Індет бойынша  көрсеткіштің артуы Текелі, Талдықорған, Қапшағай қалаларында және Көксу, Қаратал, Ақсу, Ескелді, Алакөл аудандарында байқалады.

 Ал оқушылар арасында оқу жылының басынан бері covid-19 зертханалық расталған 279 жағдай тіркелген, оның ішінде 20-ы күндізгі режимде, 259-ы қашықтықтан оқитындар арасында.

Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 8 қаңтардағы №1 қаулысымен ,  300 оқушыға дейінгі қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15-ке дейін дәстүрлі форматта оқуға рұқсат етілген болатын.

 Бұл ретте,  Талдықорған қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 8 қаңтардағы №1 қаулысына сәйкес өңірдегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Талдықорған қаласының мектептері мен гимназияларында онлайн оқу тағы 10 күнге ұзартылды. Яғни, Талдықорған қаласының кезекші және бітіруші (9,11,12) сынып оқушылары үшін дәстүрлі форматта оқыту 21 қаңтардан басталады.

Сонымен қатар, ата-аналардың өтініші бойынша кезекші 1-5 сыныптардың ашылуы, 15 балаға дейінгі толтырылыммен 402 мектепте ұйымдастырылған.

Барлық мектептер үшін санитарлық ережелердің талаптарын сақтау үшін білім басқармаларында тоннельдер, антисептиктер, бактерицидті және кварцты шамдар, кілемшелер, тепловизор, жуу және дезинфекциялауқұралдарының азаймайтын қорымен қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлері барлық қызметкерлер мен білім алушыларға күнделікті таңертеңгі сүзгіні ( термометрия, ғимаратқа кіреберісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқкиімнің табанын өңдеу) жүргізеді.

Сондай-ақ,  өңірде қарбалас уақытта автобустар санын көбейтуге және  толтырылымы 75%-ға, бірақ 15 адамнан аспайтын облысаралық және қалалық тұрақты емес (туристік) тасымалдарға рұқсат етілді.

Білім беру басқармасы да шектеу шаралары кезінде оқу үрдісін барынша талапқа сай ұйымдастыруда. Баршаға белгілі, 2020-2021 оқу жылы қашықтан оқытумен басталды.  Осы қашықтан білім алушылар 361384 компьютерлік құралдармен толық қамтылды. Бұл мақсатқа облыстық бюджеттен 4 млрд. теңге бөлініп, 24250 компьютерлік техника, республиклық бюджет есебінен бөлінген қаржыға 55686 компьютер алынды. Алынған 79936 компьютерлік техника және де мектеп есебіндегі 23678 компьютер оқушыларға уақытша пайдалануға таратылды.  Сонымен қатар демеушілер есебінен 2110 компьютерлік техникалар қолданысқа берілді.

 Білім басқармасының мәліметінше, екінші тоқсанда штаттық режимде 190 мектепте 15742 оқушы білім алса, үшінші тоқсанда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, штаттық  режимде жұмыс жасайтын мектептер санын арттыруды көздеп отыр. Қосымша бала саны 180-нен аспайтын 21 мектепті қосып, барлығы 211  білім ошағы штаттық режимде жұмыс жасайтын болады. Бұл кезде бала саны 17677-ні құрайды.

Ата-аналардың өтінішіне сәйкес 4076 кезекші сыныптар ұйымдастырылып,  онда 1-4 сыныптың 51448 оқушысы білім алды.

Ал 3-тоқсанда 5,9,11-сынып оқушылары үшін де кезекші сыныптар болады. 8293 кезекші сыныпта 108131 оқушы білім алады. Оның ішінде 1-4 сыныпта 53051 бала, 5- сынып оқушылары үшін 644 топ ұйымдастырылып, 8457  бала қамтылады.

 Осы 3-тоқсаннан бастап  9,11 сыныптықтар аралас форматта оқыту, яғни, оқушылар пәндердің 70 пайызын (математика, физика, биология, география, тарих, қазақ, орыс, шет тілдері және дене шынықтыру) — дәстүрлі түрде, 30 пайызы информатика, өзін-өзі тану, көркем еңбек және т.б –қашықтан оқыту жоспарлануда.

Сайлау учаскесі ретінде пайдаланған білім беру мекемелері ғимаратында залалсыздандыру шаралары жүргізілуде. Осыған байланысты қазіргі таңда сабақтар қашықтан жүргізілуде.

Облысымызда мектеп оқушылары арасында коронавирсутық инфекцияның 279 жағдайы тіркелген. Мектептерде санитариялық талаптар толық сақталуда. Бүгінде 664 дезинфекциялық тоннель, 1463 тепловизор, 3068 дезинфекциялық кілемше, 2575 бактерицидті лампалар, 12872 санитайзер және ылғлды тазалау жұмыстарына қажетті заттар жеткілікті мөлшерде екен.

Облыстағы 57 колледжде оқыту қашықтан өтуде. Бүгінгі күні 10 колледждегі студент саны 90-200-ден аспайтын болғандықтан 1161 студент штаттық режимде оқиды.

Жалпы  колледждерде 1 курста 12180 білімгер болса, оның 786-сы штаттық режимде 1-қыркүйектен бастап білім алуда.

Екінші жартыжылдықта 57  арнайы білім беру ошақтарының 11394 білім алушысы аралас форматта және де 19283-і қашықтан оқытылады.

Облыс бойынша ерекше білім беруді қажет ететін 14579 баланың 7050-і оқытумен қамтылып отыр.  Өңірдегі 760 мектептің барлығы интернет желісіне қосылған. «Қазақстан Республикасының ауылдық елді мекендерін талшықты оптикалық интернетпен қамту» жобасы аясында 2020 жылы 77 мектеп спутниктік желіден талшықты оптикалық жоғары жылдамдығы бар интернетке ауыстырылды. Жиын барысында, спикерлер БАҚ өкілдері тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK