Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандарының жедел іс-шараларының нәтижесінде аймақта  заңсыз ұйымдастырылған ойын бизнесінің жолы кесілді. Бұл іске қатысы бар  Д.М.Есболов, А.А.Серғазинова және А.Б.Түмен сынды бірнеше кәсіпкер заңды жауапкершілікке тартылды, -деп мәлімдеді  ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті.

 Жоғарыда аталған кәсіпкерлер алдын ала сөз байласу арқылы, заңды бүркемелік кеңселердің жұмыс істеуін қамтамасыз еткен. Олар бірнеше адамнан құралған топпен бірге әрекет ете отырып, 2017 жылғы мамырдан бастап 2019 жылға дейін Талдықорған қаласы, Панфилов ауданының Жаркент қаласы және Көксу ауданының Балпық-би кентінің аумағында заңсыз ойын мекемелерін (онлайн-казино) ұйымдастырған. Осы уақыт ішінде бұл заңсыз ойын бизнесінен алынған табыс сомасы 134 млн. теңгеден асқан. Жедел шаралар нәтижесінде заңсыз айналымнан 70-ке жуық ойын жабдығы тәркіленген.

2021 жылғы 08 қаңтарда Алматы облысы Талдықорған қалалық сотының үкімімен Д.М.Есболов, А.А.Серғазинова және А.Б.Түмен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылып, бас бостандығынан айырудың барлық белгіленген мерзіміне пробациялық бақылау белгілей отырып, оларға 4 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру (шартты) жазасы тағайындалды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK