«АУЫЛ» ПАРТИЯСЫН ҚОЛДАП, ДАУЫС БЕРГЕН КӨПШІЛІККЕ АЛҒЫС АЙТЫЛДЫ

833
Дереккөз

«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясының төрағасы Әли БЕКТАЕВ өздеріне дауыс бергендерге алғыс айтты.

«Ауыл» партиясы атынан Мәжіліс және мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер экзит-полдың алдын ала нәтижесін тыңдады. Қорытындыға сәйкес, «ауылдықтарға» сайлаушылардың 5,75 пайызы дауыс берген. Ал сайлаудың нақты нәтижесін Орталық сайлау комиссиясының мамандары алдағы уақытта жариялайды.

Ұйым төрағасы Әли Бектаев «ауылдықтарды» қолдап, дауыс берген барша ел азаматтарына алғысын білдірді. Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін барлық мүмкіндік жасалғанын алға тартты. «Ауыл» партиясын қолдаған, ауыл партиясына тілеулес болған барлық сайлаушыға ризашылығымызды білдіріп, басымызды игіміз келеді. Бізді қолдаған азаматтарға, аудандық, облыстық өңірлік және республикалық штабында жұмыс істеген әріптестерімізге алғыс айтқымыз келеді. Шынында, көп жұмыс атқарылды. Сайлау біз үшін өте үлкен сабақ, өте үлкен тәжірибе болды. Сайлау біздің еліміздің өркендеуі жолында жинақтаған тағы да бір жұмыс болды», — деді Әли Бектаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK