Елбасы Мәжіліс депутаттарының сайлауында ҚХА атынан дауыс берді

838
Дереккөз

Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Тұңғыш Президент — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ҚХА Кеңесі ұсынған Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттарға дауыс берді.

ҚХА Кеңесі Парламент Мәжілісінің депутаттығына 9 кандидат ұсынды:

Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, ҚХА мүшесі Сауытбек Әбдірахманов, Батыс Қазақстан облысы армян этномәдеми «Масис» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Аветик Амирханян, Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе ауылдық округінің әкімі Ілияс Буларов, Көкшетау қаласы білім бөлімінің «Техникалық лицей» КММ директоры Наталья Дементьева, «Қазақстанның ұлттық коллекторлар палатасы» ЗТБ төрағасы, ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі Юрий Ли, «Барбанг» күрдтер қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті, ҚХА мүшесі Вакиль Набиев, «Шығыс» шаруа қожалығының жетекшісі, ҚХА мүшесі Шамиль Осин, «ЖетісуОблГаз» ЖШС бас директоры Владимир Тохтасунов, «Әзербайжан қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ҚХА мүшесі Абилфас Хамедов.

Егемен Қазақстан

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK