Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов №1005 сайлау учаскесіне барып, дауыс берді.

№9 мектепте орналасқан сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00 ден бастап жұмыс істеуде. Сағат 11:00 ге дейін мұнда 411 адам келіп, өз таңдауын жасаған.

Аталмыш учаскеде санитарлық нормалардың барлығы сақталыпты. Яғни, сайлаушылар арақашықтықты сақтап, дауыс бермес бұрын алдымен антисептикпен қолдарын зарарсыздандыруда.

Айта кетейік, бүгін ҚР-ның Парламенті мәжілісінің және маслихаттарының депутаттарын сайлау өтуде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK