Сайлауалды үгіт-насихат жұмысы бүгін тоқтатылады

8426
Дереккөз

«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық штабы төрағасының орынбасары Гүлнар Тойлыбаева сайлауалды үгіт-насихат науқанының аяқталуына орай атқарылған жұмыстарды қорытындылады.

Жалпы, Алматы облысында «Nur Otan» партиясынан 706 үміткер және 3009 бақылаушы тіркелген. Науқан аясында 6049 шара ұйымдастырылып, карантиндік талаптарды ескере келе, 3064 шара онлайн режимде өткізілді. Шараларға 412 048 адам қатысып, бетпе бет кездесу – 165 896, ал онлайн қамту – 246 152 сайлаушыны құрады. Г.Қожағұлқызы «Біздің үгіт-насихаттық жұмыс «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» бағдарламасы аясында жүргізілді. Бұл партияның алдағы 5 жылға арналған нақты жұмыс жоспары болмақ. Үгіт-насихат науқанымыздың басты қағидасы – адамдармен тікелей және шынайы диалог орнату болды. Атап өтетіні, биылғы жылғы сайлауда тек «Nur Otan» партиясында өңірлік және аудан-қалалық сайлауалды бағдарлама бекітілді. Бағдарлама жобасы жетісулықтар арасында кеңінен талқыға түсіп, праймериз кезеңінде 1012 ұсыныс аманаттар түсті. Оның ішінде, 81%-ы сайлауалды бағдарламаның жобасында қарастырылған. Іс-шаралар форматы бойынша «Есіктен есікке», экспромт кездесулер, белгілі тұлғалар үйінде канвассинг кездесу, сайлаушылармен тікелей эфирлер ұйымдастырылды. Бүкіл әлемде және елімізде пандемия жалғасуда. Оңай болады деп ешкім де уәде бере алмайды. Әйтсе де, біз әрқашан күш біріктіре отырып, кез келген дағдарысты еңсеріп келеміз. Біздің сайлау науқанымыздың басты ұраны – Қиындықтарды еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз! Бірлік пен ынтымақтың арқасында біз бір команда ретінде кез келген биікті бағындыра алатынымызға сенімдімін!»-деді.

«Nur Otan» партиясы Алматы  облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK