Саяси науқанға әзірлік жұмыстары ойдағыдай

1024
Дереккөз

«Jetisy Media» ақпараттық алаңында өңірдегі сайлауалды жүргізіліп жатқан жұмыстар жөнінде Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Қаһарман Жақсылық баяндады.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына «Nur Otan» партиясы — 706 кандидат, «Ауыл» — 80, «Адал» — 56, «Ақжол» — 39, «Қазақстанның халық партиясы» – 26 кандидат ұсынды. Өңірде 20 анықтамалық call-орталық  жұмыс істейді, облыс әкімдігінің сайтында «Сайлаушылар тізімінде бар-жоғын тексеріңіз» сервисі іске қосылған. Қ.Еркінайұлы «2021 жылдың 8 қаңтарындағы жағдай бойынша облыста 1053 сайлау учаскесі бар, оның 50-і уақытша болу орындарында. Сонымен қатар 1074 сайлау комиссиясы құрылды, оның ішінде: Аумақтық сайлау комиссиялары – 21, учаскелік сайлау комиссиялары – 1053. Барлығы 7636 комиссия мүшесі бар, бос орындар жоқ. ҚР Орталық Сайлау Комиссиясының сайлау учаскелерін жарақтандыру жөніндегі қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдар сайлау комиссияларымен бірлесіп, сайлау учаскелерін тиісті материалдық-техникалық жарақтандыру жөнінде шаралар қабылдады. 2020 жыл ішінде каскадты әдіспен Мәжіліс және мәслихаттар депутаттарын сайлауды өткізу тақырыбына аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының барлық мүшелеріне  оқыту жүргізілді. Оқыту барысында сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау заңнамасының нормалары, сондай-ақ дауыс беруді өткізу барысында туындауы мүмкін ерекше жағдайлар бойынша ахуалдық кейстер және оларды шешу жолдары жеткізілді»-деді.

Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын қамтамасыз ету бас санитарлық дәрігердің «Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауда дауыс беруді ұйымдастыру және өткізу кезінде COVID-19 короновирустық инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес болады. Бұл тұрғыда барлық сайлау учаскелеріне үш қабатты медициналық маскалар, тұманға төзімді жабыны бар поликарбонатты бет қалқаны, гелий антисептигі, бахиламен жиынтықта бір рет қолданылатын комбинезон,  антисептикпен сіңірілген кілемшелер мен қолғап жеткізілді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK