Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздіктің 30 жылдығына байланысты  «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» деп аталатын мақаласы жарияланған еді. Бұл мақалада «Бағдар мен белес», «Таным мен тағылым», «Қоғам мен құндылық» және «Ұлағат пен ұстаным» деп белгіленген мемлекеттің  мызғымас төрт сипатын да тұжырымды ойлармен бергендігімен құнды. Мемлекет басшысының осы бағдарламалық мақаласы   Тәуелсіздіктің 30 жылдығында  ерекше міндеттер жүктеп, болашаққа бағдарды айқындап берді.

 

 

Бүкіл қоғамды ұйыстыратын құндылықтар неғұрлым көп болса, бірлігіміз де соғұрлым бекем болады. Мемлекет басшысы жаңа мақаласында бізді қай заманда да қиындықтардан аман алып келе жатқан басты құдірет ел бірлігі екенін атап өтті. «Ынтымағы жарасқан жұрттың қашанда ұпайы түгел. Түрлі жағдайларға байланысты қазақ жеріне әр кезеңде әртүрлі ұлт өкілдері көптеп қоныстанды. Қазақ халқы ешкімді жат көрмей, бауырына басты»,-дегені  достық, татулық, береке-бірлікті байлықтың біріне  теңегендей.  Бірлігі жарасқан ұлыстар арасындығы достықты  нығайту және Наурыз мейрамын атап өту тұжырымдамасы да   назардан тыс қалмады.

 Сондай-ақ,  еліміздің басты нышандарының бірі – мемлекеттік тіл екендігі Ата заңымызда 90-жылдардағы күрделі кезеңнің өзінде нақты жазылған. Ана тілімізді дамыту үшін барлық жағдайды қарастырылды.  Тәулсіздігімізді жариялағаннан бері  қазақ тілінде білім беретін мектептер мен оқу орындарының, балабақшалардың саны еселеп көбейді. Олардың бағдарламасы да ұлттық тәрбие мен қазақ тілін үйретуге бағытталған.  Шетелде білім алушы жастарымыз көбейді. Жас буынның  ағылшын тілін немесе басқа да тілдерді аз ғана уақытта меңгере алатынын көріп отырмыз. Ендеше, мемлекеттік тілді меңгеру де ниетке және ынтаға  байланысты.

 Менің ойымша, тіл игеру үшін  көркем әдебиеттің  атқаратын рөлі зор. Президент   бұл мақаласында, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын  басып шығару туралы ой айтты. Біздің кітапханаларымыз да  рухани орталық. Оқырмандарымыз жылдан-жылға көбейіп келеді.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында 30 кітап оқимыз деген бастама   тамаша бастама көтерілді. Енді кітап оқуға деген қызығушылық оянса, тілге деген құрметтің артары сөзсіз.

                                                                                            Аяжан Қыдыралинова,

                                                                                         «Талдықорған қалалық                                                     орталықтандырылған

                                      кітапханалар  жүйесі» КММ

директорының орынбасары.

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK