Талдықорған қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов тұрғындарды Рождество мерекесімен құттықтады.

Шаһар басшысы Қазақстандағы православие — бұл көптеген конфессиялардың бірі екенін айтты. Сондай-ақ, ол орыс Православие шіркеуі қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді нығайтуға, мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы пайдалы диалогты дамытуға үлкен үлес қосатынын және мұның бәрі терең құрметке лайық екенін жазды.

«Рождество адамдардың үйлеріне жарқын қуаныш пен жақсы үміт әкеледі, қоғамдағы моральдық негіздер мен келісімді нығайтуға қызмет етеді. Бұл күн адамдарды жақсылық жасауға, бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге талпындырады. Бұл мәңгілік құндылықтар әр түрлі конфессиялар мен этникалық топтар достық атмосферасында өмір сүретін Қазақстанда ерекше бағаланады.

Құрметті жерлестер! Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік тілеймін. Әр жанұяда бақыт, сүйіспеншілік пен өзара түсіністік салтанат құрсын!», — деп жазды қала әкімі инстаграм әлеуметтік желісінде.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK