Дәрігерлер еңбекақысы 2,5 есе өседі

833
Дереккөз

Талдықорған қалалық сайлау штабы төрағасының орынбасары Жайық Тазабекұлы мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Жұмахан Молдакулов денсаулық сақтау саласы қызметкерлерімен кездесіп, аталмыш саладағы жаңалықтар мен бірқатар өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу барысында алдағы жылдары медицина  саласында атқарылар жоспарлар мен мақсат-міндеттер сөз болды. Ж.Тазабекұлы «Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Біздің Ата заңымыздың бірінші бабында: «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және оның өмірі», – деп нақты жазылған. Сондықтан елімізде денсаулық сақтау саласын дамытуға айрықша көңіл бөлінді. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасын қабылдап, барлық өңірде бұрын болмаған жүздеген заманауи ауруханалар мен емханалар салдық. Еліміздің ең үлкен байлығы – адам мен оның өмірі болғандықтан, әрбір адам өзінің, отбасының, ата-анасы мен бала-шағасының өміріне, денсаулығына зор жанашырлықпен, ерекше жауапкершілікпен қарауы керек. Өйткені, ұлт денсаулығы – мемлекет қауіпсіздігінің құрамдас бөлігі»-деген болатын. Азаматтардың денсаулығы –  «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі. Орта мерзімді кезеңде саладағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға бағытталатын болады»-деді.

«Nur Otan» партиясы қазақстандық медицинаның жоғары стандарттарға сай болуын және әрбір азаматтың денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаға тең дәрежеде қол жеткізуін қамтамасыз етуді қолдайды. Айта кетейік, партияның сайлауалды  бағдарламасында денсаулық сақтау саласына айрықша көңіл бөлінген. Атап өтер болсақ, диагностика мен емдеудің жаңа жоғары технологиялық әдістерін енгізу, емдеу мекемелерінің жабдықталуы, материалдық-техникалық базасын нығайту, сирек профильді 20 дәрігерді (акушер-гинеколог, маммолог, балалар рентгенологтары, эндокринолог, невролог, травматолог, проктолог) қызметке тарту, медицина қызметкерлерін әлеуметтік қолдау, яғни, тұрғын үймен қамтамасыз ету.  Облыстағы 284 медициналық мекеме бейімделген және жалға алынған үй-жайларда орналасқан, 135-і күрделі жөндеуді қажет етеді, медициналық ұйымдардың тозуы орта есеппен 57%-ті құрайды. 2025 жылға дейін емханалардың 20 минуттық, дәрігерлік амбулаториялардың 10 минуттық қадамдық қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылды. Осы орайда партия медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымдарын медициналық жабдықтармен 100% — ға дейін қамтамасыз ету, облыстық онкологиялық диспансер және қалалық, аудандық ауруханалар базасында қатерлі ісіктерді ерте анықтауға арналған скринингтік зерттеулермен халықты қамту деңгейін ұлғайту, онкологиялық науқастарды стационарлық және амбулаториялық емдеу кезінде тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, облыстың барлық аудандары мен қалаларында КВИ-мен сырқаттану деңгейін төмендету және барлық науқастарды, әсіресе ауылдарда сапалы және қолжетімді медициналық көмекпен қамту, 2025 жылға дейін 70-тен астам нысанның құрылысын жүргізу сынды медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуды көздейді.

Елімізде медициналық кадрларды оқытудың халықаралық стандарттарына өтіп, медицина қызметкерлерін, оның ішінде балалар дәрігерлерін қоса алғанда нақты салаға терең бейімделген қызметкерлерді даярлауға арналған гранттар саны өседі. 2023 жылға қарай дәрігерлердің еңбекақысы 2,5 есе өсіп, кем дегенде 550 000 теңге, ал орта медициналық персоналдың жалақысы кем дегенде 190 000 теңге болады. Әрбір өңір дәрі-дәрмектің, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық жабдықтардың қажетті резервімен қамтамасыз етіледі. Аудандық ауруханаларды қазіргі заманғы компьютерлік томографтармен, рентген аппараттарымен, перзентханаларды қажетті медициналық жабдықтармен жарақтандыру жөнінде шаралар қабылданады. Тірек және іргелес ауылдарда фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар ашылып, жаңарады. Республика бойынша қозғалмалы және телемедицина, азаматтардың денсаулығын «ақылды білезіктерді» пайдалану арқылы қашықтықтан мониторинг жасау енгізіледі. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет күшейтіліп, зертханалардың материалдық-техникалық жағдайы жаңартылады. Отандық медициналық өнеркәсіпті дамытуға бағытталған мемлекеттік қолдау шаралары қабылданатын болады.

«Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық сайлау қорының қаражатынан төленді

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK