«Талдықорған марафоны» мәреге жетті

193

Жетісу облысының орталығы Талдықорғанның қала күніне орай «Талдықорған марафоны» өтті. Аймақ тұрғындары арасында жаяу жүгіруден өткен жарысқа жалпы 500-ге жуық адам қатысты.

Бұқаралық спортты дамытып, тұрғындардың  салауатты өмір салтын ұстануын насихаттайтын жарысқа қатысушылар жас ерекшелігіне қарай 5 топқа бөлінді. Олардың жасының ең кішісі 8-де, үлкені 74-те.

Жарыс басталар сәтте сөз алған Талдықорған қаласының әкімі Ернат Дүйсенбекұлы жиналған қауымды қала күнімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. Жалпы қатысушылар қаланың бас көшесінің  бірімен жүгіріп 4,5 шақырымды бағындырып, «Жастар» саябағындағы белгіленген мәре сызығына жетті. Жарыс соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан желаяқтар арнайы кубок, медаль және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз