Алматы облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Дамир Барамбаев «Талдықорған жолдары» кәсіпорнының жұмысшыларымен жолықты. Кездесу барысында «ADAL» саяси партиясының атынан сайлауға түсетін кандидат өздерінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтар күні өтетін саяси науқанда дауыс беруге шақырды.

Алдымен Дамир Қалибекұлы партияның басты құндылығы мен мақсаты – адам, Қазақстан азаматы, оның мұң-мұқтажы, талап-тілегі және құқықтары мен әділдігі екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол «ADAL» партиясы бес басымдықты іске асыру арқылы қазақстандықтардың өмір сүру деңгейі мен сапасын арттыруды көздейтінін айтты.

Бұдан бөлек, кандидат adalpartiyasy.kz сайтының ерекшелігін және оның халыққа тигізер тиімді тұстарын түсіндірді. Оның айтуынша, партияның жаңа порталы өзекті ақпараттарды жариялап қана қоймай, тіркелген пайдаланушыларға мемлекетті басқаруға тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Осы міндеттер үшін «ADAL» партиясы 5 сервисті әзірлеп, ұсынады:

  • «Сіздің аймағыңыздың мәселелері». Өңірдің ең өзекті мәселелерін көруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір жергілікті тұрғын осы немесе басқа мәселенің өзектілігі үшін дауыс бере алады немесе сайтта әлі айтылмаған нәрсе туралы жаза алады. Алдағы уақытта барлық өтініштер партияның өңірлік өкіліне тікелей жіберілетін болады.
  • «Жұмыс іздеу». Сауалнаманы толтырғаннан кейін пайдаланушыға оның ерекшелігі бойынша жұмыс ұсынылады. Егер қолайлы жұмыс табылмаса, партияның аймақтық өкілі бұл адамды жұмыспен қамту органдарына тапсырады. Сондай-ақ, партия жұмыссыз ретінде тіркелу және жәрдемақы алу тұрғысынан көмек көрсете алады.
  • «Сіздің аймағыңызға арналған бизнес-идеялар». Партия сарапшылары өңірлердің қажеттіліктерін талдап, ҚР әр өңірінің бизнесі үшін тауашалар тізімін жинады. Өз бизнесін ашқысы келетін пайдаланушылар негізгі бизнес-жоспарды дереу тегін жүктей алады, оны партияның аймақтық өкілдерінің көмегімен аяқтауға болады.
  • «Әлеуметтік лифтілер». Бұл қызмет аз қамтылған отбасыларға көмектесу үшін жасалған. Мұнда пайдаланушылар партия өкілдерінен балаларына арналған оқу орнын таңдауды сұрауға мүмкіндік алады. Сондай-ақ, мұнда қажетті көмек сұрауға болады: жатақханадағы орын, тегін оқу мүмкіндігі және т.б. аймақтық өкіл бұл мәселе туралы бірден біліп, оны шешуге көмектеседі.
  • «Bagdar.kz». Бұл қызмет ата-аналарға баласына болашақ проффесияны таңдауға көмектеседі. Бұдан басқа, сервисте 694 мамандық бойынша ақпарат, кәсіптің егжей-тегжейлі сипаттамасы, жұмыс ерекшеліктері және т. б. бар 500 профессиограмма ұсынылған.

саяси партиясының сайлауалды бағдарламасы

 

1. Халықтың өмір сапасын көтеру

Ең төмен әлеуметтік стандарттарға кепілдік беру – мемлекеттің тікелей міндеті. Біз ең төменгі күн көріс мөлшерінің қайта қаралуына қол жеткізуге тырысамыз. Оның мөлшері ЭЫДҰ елдеріндегідей медианалық еңбекақы (140 мың теңге) мөлшерінің ең кемі 40%-ын немесе 60 мың теңгені құрауы керек.

Жаңа ең төменгі күнкөріс мөлшеріне ең төменгі айлық еңбекақы мен ең төменгі зейнетақы мөлшері сәйкестендірілетін болады. Бюджеттен төленетін кез келген әлеуметтік төлем (зейнетақы, жәрдемақы) ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен болмауы тиіс.

2. Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беру

Ел халқының 41 пайызы ауылда тұрады. Ауылдық аймақты дамыту – тұрақтылық пен азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі. Ауыл тұрғындары қамтамасыз ету стандарты пен нормативтері негізінде инфрақұрылым, білім беру және денсаулық сақтау қызметтеріне қол жеткізе алуы тиіс. Ауылдың дамуы агроөнеркәсіп кешенінің даму деңгейіне тікелей тәуелді. Агроөнеркәсіптік кешен – Қазақстанның бәсекедегі басты артықшылығы. Елдің географиялық орналасуы Қытай, ЕАЭО мен Таяу Шығыс нарығы үшін азық-түлік фабрикасына айналуға мүмкіндік береді.

Пандемия дағдарысы ішкі нарықты отандық өнімдермен қамтамасыз ету қаншалықты маңызды екенін байқатты. Алдағы уақытта еліміз негізгі азық-түлік түрлері бойынша импортқа тәуелділіктен толықтай арылуына қол жеткізуіміз қажет.

3. Өңірлердің өркендеуі – қуатты мемлекет діңгегі

Ел дамуы нақты ауыл мен қаланың дамуынан басталады. Халықтың әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділігі халық санына қарай түсінікті өңірлік нормативтер есебінен қамтамасыз етілуі керек. Өңірлерді дамыту тәсілдері әр түрлі өңірлердің бәсекелестік артықшылықтарын ескере отырып қайта қаралуы тиіс. Өңірлік аумақтың бағдарламалар жер ресурстары, өндірістік және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым, адами капитал, кәсіпкерлік әлеует және қаржылық ресурстар сынды нақты өңірдің бәсекеге қабілеттілік дәне ағымдағы ресурстарына мұқият баға беруге негізделуі керек.

Жергілікті мәселелерді шешу, қала мен ауылды дамыту процесіне халықты белсенді жұмылдыру керек. Көшені жөндеу немесе ауланы аббаттандыру мәселесі болсын тұрғындарды тартып, жергілікті мәселелер мен қаржыландыру басымдықтарын талқылау шешімнің зерделенген тиімді нұсқасын табуға мүмкіндік береді. Мұндай шара «естуші мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес келеді.

Біз өңірлік мәселелер карталарын құрдық. Өзіміздің интернет-платформамызда цифрлық және интерактивті форматта өңірлерлік мәселелрді жинақтауды жалғастырамыз. Сайтымыздың көмегімен әр тұрғын өзінің ауласы, ауылы немесе қаласындағы проблема жайында жазып, кәсібіне лайықты бизнес-идеяны тауып, жұмыспен қамту, қайта оқыту, қысқа мерзімді курстарды өту мүмкіндіктері туралы ақпаратты ала алады.

4. Кәсіпкерлік – дамыған мемлекеттің іргетасы

Азаматтарға арналаған жаңа стандарттарды қарастыратын лайықты өмір деңгейі бюджеттік шығындардың өсуін талап етеді. Оған экономиканың қозғаушы күші – кәсіпкерлікті дамыту арқылы жетуге болады. Жаппай кәсіпкерлікті дамытуға (микро және шағын бизнес) және шикізаттық емес сектордағы ірі және орта бизнесті қолдауға сөзсіз басымдық берілуі керек.

Біздің мақсат – жеке кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау. Осы мақсатта салық-бюджеттік және монетарлық саясат қайта қарау, бизнеске түсетін әкімшілік қысымды және экономикадағы мемелкеттің қатысуын қысқарту, салалық басымдықтарды белгілеу қажет. Біз шағын бизнестің еңбекақы қорына түсетін ауыртпалықты 33%-дан 20%-ға дейін түсіруді көздейміз. Шағын бизнес үшін зейнетақылық жарналар мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтындыруға аударымдары ерікті жүргізіледі. Біздің бағалауымыз бойынша мұндай шара жұмыспен қамтылған 4 млн-нан астам адамға қосымша стимул болады. Монетарлы саясат инфляция деңгейін түсірумен ғана емес, сондай-ақ экономика дамуына да бағытталғаны абзал. Ол үшін базалық мөлшерлемені 4-5%-ға дейін төмендету қажет.

Осылайша экономиканы бюджеттік субсидияларды бөлмей жылдық 7%-бен несиелеуді қамтамасыз етеді. Баға өсуіне қарсы күресу үшін отандық экономиканың импортқа тәуелділігін қысқарту керек. Әр девальвация сайын бағалары өсе беретін азық-түлік өнімдері мен кең қолданылатын тауарларды өзіміз шығаруымыз керек. Біз бизнеске түсетін әкімшілік ауыртпалықты төмендетіп, «таза парақтан реттеуді» енгізу арқылы кәсіпкерлік еркіндігін қорғауды және мемлекеттің экономикадағы қатысуын төмендетуді қалаймыз.

5. Өмірге қолайлы мемлекет

Мемлекеттік аппарттың жұмысына халық және бизнестің көңілі толмауы орынды. Мемлекет басшылығының әлеуметтік маңызды реформалары мен бастамалары орталық пен өңірлердегі атқарушы органдардың тиімсіздігі салдарынан аяғына дейін іске асырылмай қалып жатыр. Шенеуніктердің көбі адамдар мен бизнес өкілдері мемлекетке жұмыс істеуі керек деген ойда. Мұндай жайт мемлекеттік реттеу және мемлекеттің экономикаға араласуы деңгейінің өсуіне әкеледі. Біздің пайымдауымызда – тез, ашық және әділ шешім қабылдайтын шағын мемлекеттік аппарат тиімді болады. Мемлекетке арналған адамдар емес, Адамдарға арналған мемлекет керек.

«АДАЛ»партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK