Талдықорғанда қала әкімдігінің бастамасымен тегін мұз айдыны ашылды. Енді шаһар тұрғындары ашық аспан астында коньки теуіп, бос уақыттарын қызықты өткізе алады.

Сырғанақ алаңы Қаратал шағын ауданындағы студенттер үйінің маңында орналасқан. Ондағы алаңқайдың көлемі 600 шаршы метр, ал мұздың қалыңдығы 30 сантиметрді құрайды.

«Біз тұрғындардың өтінішін ескеріп, мұз айдынын аштық. Талдықорғандықтар күндізгі уақытта осы жерге өз конькилерімен келіп, тегін сырғанақ тебе алады. Ал, конькиі жоқтарға жалға алу мүмкіндігін қарастырылған. Сағаты 100 теңге», — дейді қала әкімі Ғалымжан Әбдіраймов.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK