Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің және Политехникалық колледжінің ұйымдастыруымен облыстық иподромда шаңғыдан жарыс өтті. Тартысты додаға Талдықорған қаласы оқу орындарының білімгерлері қатысып, өз араларында мықтыларын анықтады.

Аталмыш шара Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтетін қысқы Олимпиада ойындарында Қазақстан спортшыларына қолдау көрсету мақсатында өткізіліп отыр. Қыс көркін қыздырған бәсеке өте тартысты өрбіді. Қатысушылар барын салып, мүмкіндігінше үздік өнер көрсетуге тырысып бақты. Нәтижесінде, командалар арасында І орынды Политехникалық колледжінің студенттері ұтып алды. Ал, Медициналық колледжі ІІ орынды қанағат тұтса, үздік үштікті Агро-техникалық колледжінің білімгерлері түйіндеді. Сондай-ақ, студенттер жекелей сында да өнер көрсетіп, шеберлік байқасты. Жеңімпаздар грамоталармен, медальдармен және кубоктармен марапатталды.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK