Ау, қазағым!

Ұжданымсың, арымсың,

Батырымсың барымсың.

Сені әлем,

Құдіретіңмен танысын,

Осы күнге жете алмай,

Кетті қанша барысың.

Зекет болған еліне,

Алты алаштың арысын.

Есіне алмау, ойламау,

Оның егей құдіретіне бойламау,

Аруағына қиянат,

Күллі қазақ еліне,

Тәуелсіздік мерекені тойламау.

 

Ашты менен тұщыны,

Пендеміз ғой тататын.

Алғысыңмен марқайып,

Қарғысыңмен қататын.

Бөрісі бар маңында,

Құралы жоқ ататын,

Бөтен малға шәуілдеп,

Иті үріп жататын.

Соның бәрі ананың,

Маңдайына бататын.

Қайран ана қолынан,

Берекенің қазаны,

Бүлкілдеп қайнап жататын.

 

Осы жердің жұрт білед,

Жылғасымен адырын,

Біледі шын,

Шалғай жердің шадырын,

Тектей білген тегіннен,

Сотқарымен содырын,

Бірақ- бірақ,

Білген қазақ болмаған,

Қолда бардың қадірін.

 

Он алтыншы желтоқсан,

Ұжданы бар қазақтың.

Жүрегіне түнеген,

Тәуелсіздік ел болуды тілеген.

Қолына алып тізгінді,

Арыстарым көреген.

Ел болатын елдердің,

Иттері де болад екен үреген.

Сөйтіп біздің қазақтың,

Төбесі көк тіреген.

Бірақ қайтып келмеді,

Айбергенов Төлеген.

Басып дүлей,

Соқыр тұман даланы,

Ал, біреуің адастың.

Адастың да қыр астың.

Ал, біреуің,

Заманаға жарастың.

Иманыңды жер басқызып бетімен

Басқалармен жанастың,

Құрбаның боп кете берді,

Арыстары Алаштың.

Осылар ед,

марапаттың иесі,

Осы жайлы қайсыларың қарастың.

Қайран, қайран,

Арыстары-ай Алаштың!

 

Айналайын ағайын,

Ала болып алтаумыз.

Алды алдына кетістік,

Бақан тиіп басына,

Ағайынмен шекістік.

Бірақ, біздің қанымызда жасады,

Ұлт ұжданы өте ыстық.

Ал сонан соң,

Ел болуға бекістік,

Ал ендеше,

Тәуелсіздік,

Біздің ұлы жетістік.

                                                           Қайрат АХМЕР,

                                                                         Әлем халықтары Жазушылар                                     Одағының мүшесі, ақын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK