Жыл сайын Жетісу облысында жіті респираторлық вирустық инфекциялардың 50 мың жағдайы тіркеледі. Бұл сырқатты жұқтыратындардың басым көпшілігі 14 жасқа дейінгі балалар. Осыған байланысты қазан айынан бастап аймақта тұмауға қарсы екпе жұмыстары қолға алынбақ. Бұл мәліметпен Талдықорған қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметі ақпараттық алаңында өткен баспасөз жиынында Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман Жансеңгіров пен аймақтағы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Асхат Чарапиев бөлісті.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, алдағы 2023-2024 эпидемиялық маусымында А(H1N1)pdm09, А(H3N2) тұмау вирустары және В тұмау вирусы кең таралады. Сондықтан вакцинация бойынша ұсыныстарды орындау және аймақтағы ауру мен тұмаудың таралу қаупін азайту үшін алдын алу шараларын сақтау бәрінен маңызды.
Арман Серікұлының айтуынша, тұмауға қарсы иммундау – денсаулық сақтау саласындағы басты шара. Бүгінде тұмаудың алдын алудың ең тиімді жолдарының бірі – вакцинация. Жыл сайын жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы контингентке иммундау жүргізуге қаржы бөлінеді. Биыл эпидемиялық маусымда Жетісу облысына 80 700 доза сатып алынған. Бұл жалпы облыс бойынша халықтың 12 пайызын вакцинациямен қамтуға мүмкіндік береді деп жоспарлануда. Тұмауға қарсы иммундау міндетті түрде дәрігердің тексеріп қарап, денсаулық жағдайы бағаланғаннан және екпеге рұқсат берілгеннен кейін арнайы егу кабинетінде жүргізіледі. Облыс бойынша мақсатты топтарға иммундау 2-ші қазаннан басталмақ.
Асхат Чарапиевтің сөзінше, иммундау үшін «Гриппол+» деп аталатын ресейлік вакцина қолданылады. Вакцинаның 77 мың дозасы облыс халқының 12 пайызын иммундаумен қамту үшін жергілікті. Бұған бюджет қаражаты есебінен жалпы 76 миллион теңге жұмсалған. Бір айта кетерлігі бұл вакцина облыста соңғы 5 жыл бойы қолданылып келеді.