Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88-v «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» заңына сәйкес, «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бойынша 4 түрінен мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

1) «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» — 2019-2020 оқу жылына 13 оқушыны тасымалдайды. «Ақ-Нар» ЖШС қызмет көрсетеді, Еркін ауылы, Көктал тұрғын ауданында орналасқан Е.Берліқожанов атындағы №11 орта мектеп оқушыларын «Сарыбұлақ» с/ж, «Жер Ана» ӨК-тан аталған мектепке және үйлеріне тасымалдайды.

2) «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» — жыл басынан қызмет көрсетілмеді

3) «Жер учаскесін алу үшін кезекке қою» — 11 ай ішінде 9 азаматтан өтініш қабылданды.

4) «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» — 11 ай ішінде 49 өтініш қабылданып, 9 теріс жер комиссия қортындысы шықты, 40 өтініш бойынша шешім шығарылды.

Мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетіледі, себебі техникалық жағдайға байланысты Е-лицензирование бағдарламасы орнатылмаған.

Жыл басынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша 2020 жылдың 07 ақпанында Е.Берліқожанов атындағы № 11 орта мектепте «Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну» көрсетілетін қызмет бойынша Сарыбұлақ саяжайынан, «Жер-Ана» өндірістік кооперативтен оқитын балалардың ата аналарымен дөңгелек үстел өтті, жиында осы қызмет түрінің стандартымен танысып, тасымалдайтын автобустың жүру тәртібі, уақыты, тазалығы сондай-ай балалардың қауіпсіздігі талқыланды.

05.03.2020 жылы округ тұрғындарына көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіліп, буклет, брошюра таратылды. Сонымен қатар, басқа да мемлекеттік мекемелермен бірігіп мемлекеттік көрсетілетін қызметтері жәрменкесіне қатысты.

2020 жылдың 10 қыркүйегінде Талдықорған қаласының Қоғамдық кеңесінің алдында 8 ай бойында көрсетілген мемлекеттік қызметтер бойынша есеп берілді.

2020 жылдың 09 қазан айындағы №39 «Талдықорған» газетіне «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесімен округ тұрғындарына көрсететін мемлекеттік қызметтер деген тақырып жарияланған.

Окрукте мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алуға мүмкіндіктер жасалған, нақты алғанда: Еркін ауылдық округі әкімінің ғимаратында “Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы” орнатылды. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы » Еркін ауылдық округінің қызмет алушыларына «Азаматтарға арналған Үкмет» КЕ АҚ Мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) бармай, мемлекеттік қызметтерді «Азаматтарға арналған Үкмет «Egov.kz» веб-портал арқылы электронды түрде

алуға мүмкіндік береді. Жылдың басынан мүмкіндігі шектеулі 2 тұрғынның үйіне барып қызмет көрсетілді.

«Талдықорған қаласы Еркін ауылдық

округі әкімінің аппараты» ММ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK