2020  жылдың 11 желтоқсанында  «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық партия филиалының сайлауалды штабының ашылу жиыны  өткізілді.

Салтанатты жиынға  Алматы облыстық, Талдықорған қалалық мәслихатына  депутаттығына үміткерлер, штаб мүшелері, «Jas Otan» жастар қанаты өкілдері қатысты.

Жиынға арнайы шақырылған «Nur Otan» партиясы Талдықорған қалалық филиалының сенімді өкілі Гаухар Сламғалиқызы мен партия ардагері Мейірман Тілеуберлинов кандидаттарға және штаб мүшелеріне  сәттілік тілеп, алғысын білдірді. Сайлауалды штабтың ашылу салтанатында  штабтың алдағы атқарылар жұмыс жоспары таныстырылды.

 Сайлау науқанында қызмет атқаратын штаб мүшелігіне 15 адам және  58 сайлау учаскелерінде 162  сенімді өкіл бекітілді. Жасақталған сенімді өкілдердің тізімі қалалық сайлау комиссиясына тіркеліп, куәліктері алынды. Ортақ мақсатты іс өте маңызды.  Сондықтан да, бұл науқан жұмысы 155  еріктілермен  толыға түспек.

 

 

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK