Мүшәйра жеңімпаздары марапатталды

983
Дереккөз

Тезек Төренің 200 жылдығы, репрессия құрбаны Құдиярхан Тезековтың 170 жылдығына арналған облыстық жазба ақындар мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды.

Аталмыш шара Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өтті. Мұндағы  мақсат — тұлғалардың өнегелі өмір жолын кеңінен насихаттау, олардың ұлт үшін жасаған еңбектерін, шығармашылығын, қоғамдағы жарқын істерін жас ұрпақтың санасына сіңіру, шығармашылық иелеріне қолдау көрсету. Жиын барысында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бөлім басшысы Төлеужан Ғұмаров, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев,  облыс әкімі аппараты талдау бөлімінің басшысы Бағдат Ақылбеков байқаудың мән-маңызына тоқталып, «Тезек Төре» қорының өкілдеріне алғыс білдірді. Мүшәйраға  Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Іле, Кербұлақ, Кеген, Көксу, Панфилов, Сарқан, Талғар, Ұйғыр аудандары мен Қапшағай, Талдықорған қалалары, сонымен қатар  Шығыс Қазақстан облысынан қатысты. Нәтижесінде жүлделі ІІІ орынды Азамат Ақылбеков (Кербұлақ ауданы), ІІ орынды Берік Байылов (Қапшағай қаласы), І орынды  Нұрлан Әбдібеков (Талғар ауданы) иеленді. Айта кетейік, мүшәйраға қатысқан ақындардың туындылары келер жылы жарыққа шығар кітапқа енгізілетін болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK