Жол құрылысы жіті бақылауда

901
Дереккөз

«Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Алматы облыстық филиалы жолдың сапалы салынуына ықпал етіп, бақылауда ұстайтын мекеме. Ағымдағы жылы (1 қаңтар мен 2 желтоқсан аралығы) ішінара тексеру барысында 2075 сынама алынса, оның ішінде  570 жол құрылыс материалдарының сынамалары нормативтік құжаттардың талаптарына сай болмай шықты. Мыңнан астам технологиялық ақаулар табылып, оның 706 бүгінгі күнге дейін жойылған жоқ. Бұл туралы «Jetisy Mediа» ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында аталмыш мекеме директоры Жасұлан Керімқұлов мәлімдеді.

Жасұлан Махамбетұлы «Қызметкерлер жол құрылысы қызу жүріп жатқан аймақтарға барып, Жылжымалы жол зертханасында орнатылған диагностика жасайтын бағдарлама арқылы және заманауи құралдармен арнайы тексеру жүргізіп отыр. Соның нәтижесінде біраз олқылықтар мен кемшіліктер дер кезінде анықталып, тапсырыс берушілер мен мердігерлерге хат жолданып,  қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта да БАҚ өкілдері, Қоғамдық бақылау мүшелерімен және облыстық  Полиция департаменті Жол-техникалық инспекциясының қызметкерлерімен, сондай-ақ, Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесе отырып  аймақтағы жолдардың сапалы болуы үшін үнемі мониторинг жүргізіп отыратын боламыз»-деп «Адалдық алаңы» жобасы аясында, жылжымалы зертхана арқылы да сараптама жүргізіліп, нәтижесі тиісті орындарға жолданатынын атап өтті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK