Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Талдықорған қаласы бойынша ағымдағы жылдың  24 қарашасына дейін 4049 адам жұмыспен қамтудың шараларымен қамтылды.

 

Талдықорған қаласы  жұмыспен қамту орталығы  директоры    Айдос  Атайбеков  атқарылған жұмыстар турасында баяндады.

Бірінші бағыт бойынша — қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 86,9 млн. теңге сомасына 375 адамды қамтамасыз ету жоспарланған. Бүгінгі күнге барлық 375 адам «Сенім Колледжі» ЖШС, «Сервис колледжі» мекемесі, «Amanat» ҚБ және «Шымыр» ЖШС және т.б. оқыту ұйымдарына оқуға жіберілді .

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында Талдықорған қаласы бойынша 108 адамға жолдама берілді. Оның ішінде 53-і  448,8 млн.теңге мөлшерінде шағын несиеге ие болды.

 Мәселен, 2019 жылғы қаржы ресурстарынан екінші деңгейдегі банктер арқылы 16 адам 175,7 млн.теңгеге шағын несие алды, 2020 жылғы қаржы ресурстарынан 37 адам 273,1 млн.теңгеге шағын несие алды.

 Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 200 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) 101 грант беруге  қаржы бөлінді. Жыл басынан бері 111 адам 61,5 млн. теңге сомаға қайтарымсыз грант алды.

 Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар арасынан 27 азамат, аз қамтылған отбасылардан 10 адам және мүмкіндігі шектеулі азаматтардан 4 адам бар.

Үшінші бағыт бойынша 70 әлеуметтік жұмыс орнын ұйымдастыруға 11,8 млн.теңге бөлінді. Бүгінгі күні 20 мекемемен  келісімшарт жасалды.  Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілген 80 жұмыссыз азаматтардың жалақысын субсидиялау арқылы 9,2 млн.теңге игерілді.

Жастар практикасын ұйымдастыруға   да айтарлықтай көңіл бөлінуде.  Қаланың 60-тай  мекемелеріне,  олар  «Табысты даму «ЖШС, «Жеке сот орындаушысы»,»Жетісу ХАБ «ЖШС,» Жетісу» ТРК, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-не   247 түлек жіберілді.

 Ал қоғамдық жұмыстарға    орналасуға  1347 азаматтан өтініштер келіп түсті.  Олар 171 мекемеден   өздеріне жұмыс  тапты.

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына тұрақты  бос жұмыс орындары туралы 912 өтініш түскен болса,  оның ішінде электрондық еңбек биржасы арқылы 654 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Мемлекет  тарапынан азаматтардың жұмыспен  қамтылуына, болмаса, кәсіптік бағдар алуына  мол  мүмкіндіктер қарастырылып отыр. Мәселен, жұмысқа орналасуға жәрдемдесу, жұмыссыздар үшін кәсіби даярлау, біліктілікті арттыру, қайта даярлау, қоғамдық жұмыстарға көмек жасалуда.  Әр адамда ынта-жігер,  талап болуы керек тәрізді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK