Қоғамдық көлік жұмысы қырағы бақылауда

847
http://taldykorgan-online.kz

Қала әкімдігінің бастамасымен шаһардағы автобустардың жұмыс барысын және олардың келісімшарт міндеметтемелерін анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, тексеріс жүргізілді. Рейдке қала әкімдігінің қызметкерлері, қалалық «Нұр Отан» партиясының мүшелері, ішкі істер саласының мамандары және БАҚ өкілдері қатысты.
Қазіргі таңда Талдықорған қаласында жолаушыларды тасымалдау үшін 7 мердігер қызмет көрсетуде. Жалпы 184 автобус сегіз бағыт бойынша жұмыс жасайды. Тексеріс барысында комиссия мүшелері автобус интервалынан, құжаттарынан табылған кемшіліктерді анықтап, тиісті шаралар қолданды. «Біз 7 құқық бұзушылықты анықтадық. Яғни, 4 автобустың іші сырты лас, 3-де техникалық ақаулар бар, 1-нің техникалық байқаудан өткендігін растайтын анықтамасы жарамсыз және 2 автобустың өрт сөндіретін құрылғысы жоқ болып шықты», — дейді Талдықорған қаласы жолаушы көлік және автомобильдер жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Ғаниет Маратұлы.
Айта кетейік, қала әкімінің тапсырмасы бойынша мектеп оқушылары бес күндік оқуға ауысуына байланысты автобустар қозғалыс кестелерін өзгерткен. Енді жолаушыларды тасымалдайтын барлық көліктер кешкі 21:00 ге дейін жүруі міндетті.
Данияр САҒЫНДЫҚ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK