Талдықорғанда волейболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр. Аталмыш додаға 8 команда, жалпы 100-ге жуық спортшы қатысуда, — деп хабарлайды Тaldykorgan-online.kz

Бірінші күні жергілікті «Жетісу» командасы Елорданың «Ару-Астана » командасын 3-0 есебімен ұтса, екінші күні шығыстың «Алтай» командасына 1-3 есебімен жол берді.

Ал, 13 қараша күні болған сайыста Алматы облысының қыздары «Ертіс» командасынан 3 ұпайымен басым түсті. Келесі күні де жетісулықтар дәл осындай есепен «Қуаныш» командасын ұтты. Сондай-ақ, 16 қарашада «Жетісу» мен «Алматы» командалары кездесіп, жеңіс жергілікті спортшылардың пайдасына шешілді.

Жарыс әлі де жалғасуда. Бүгін, (17 қараша, сағат 19:00 де) «Жастар» спорт кешенінде облыс спортшылары «Алтай-2» командасымен кездеспек. Ал, 18 күні дәл осы уақытта жетісулық бұрымдылар «Қарағанды» командасымен ойнайды.

19 қарашада ұпай санымен озық шыққан командалар өзара үздіктерін анықтамақ.

Айта кетейік, карантин режиміне байланысты биыл ел біріншілігі көрермендерсіз өтуде. Волейболшылардың ойынын «Қазспорт» телеарнасынан тікелей эфир арқылы көруге болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK