Елімізде қыркүйек айының екiншi жексенбiсi Отбасы күні. Осыған байланысты, Талдықорған қаласындағы 18404 әскери бөлімінің жеке құрамы «Әкем, анам және мен» атты арнайы іс-шара ұйымдастырып, жанұялық мерекені айрықша атап өтті.
Мереке күні аталған әскери бөлімнің жеке құрамының отбасы мүшелері Қаратал өзенінің жағалауындағы демалыс аллеясында отбасылық эстафеталық спорттық сайысына қатысып, өзара бақ сынады. Сайыстың негізгі мақсаты – жанұялық құндылықтарды нығайтып отбасыда салауатты өмір салтын қалыптастыру. Қатысушылар «Желаяқ эстафетасы», «Доппен жүгіру», «Қап киіп жарысу», «Секірме жіппен секіру» және «Зілтемір көтеру» сынды бес кезең бойынша сынға түсті. Осы орайда әрбір отбасы ұйымшылдықпен шеберліктерін таныта білді.
Спорттық сайыс қазылар алқасы тарапынан жіті қадағаланып, барынша әділ бағаланды. Сайысқа қатысқан командалар жүлдесіз қалған жоқ. Барлық қатысушылар шара соңында тиісті марапатқа ие болды. Бүлдіршіндерге тәттілер ал, ата-аналарға дипломдар мен естелік бұйымдар табыс етілді. 18404 әскери бөлімінің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Айсұлу Жұмакееваның айтуынша, Отаншылдық отбасыдан басталады. Сол себепті де біздің қоғамдағы жанұялық құндылықтарды нығайтудың маңызы зор. Бүгінгі сайыстың балалардың дене бітімінің дұрыс жетілуі үшінде тигізер септігі мол. Сондай-ақ, оларға спорттық дене шынықтырудың мән- маңызын түсіндіру, жарыс арқылы жылдамдыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу, ата – анамен тығыз қарым – қатынаста болып байланысты жақсарту көзделген. Сонымен бірге балалар арасындағы ынтымақтастыққа өзара бірлесе қимыл жасауды дамыту. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
– «Сайыста қай команданың жүлделі орынға ие болатыны маңызды болған жоқ. Ең бастысы, әр команда ұйымшылдық пен татулығы жарасқан отбасын көрсете білді», -дейді ұйымдастырушылар.