Шетелдік сарапшылар мен спорт журналистері жақында жалауы желбірейтін қысқы Олимпиада ойындарына болжам жасады, оның ішінде қазақстандық спортшылардың да аттары аталған.

Американың беделді әрі аудидориясы кең «Sports Illustrated» журналы Пхенчхандағы Олимпиадада өтетін барлық 102 жарыстың болжамын жариялады. Мамандардың пайымынша, қазақстандық спортшыларға айтулы бәсекеде екі медаль бұйырып отыр. Фристайл-могул бойынша Дмитрий Рейхард — күміс, шаңғышы Алексей Полторанин қола медаль алатыны болжануда. «The Associated Press» агенттігі болса, отандастарымызға жалғыз қол медаль табыстаған. Олар да Дмитрий Рейхардқа сенім артыпты. Ал, голландиялық сарапшылар Элмер Стеркен, Джерард Купер және Фабиан Гейдтің пайымынша қазақстандық спортшылардың есімдері мүлдем аталмайды.

Естеріңізге сала кетейік, Оңтүстік Кореяда Олимпиада ойындары ақпанның 9-25 аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен ел намысын қорғайтын болады. Жалпы, спорттың 15 түрінен 102 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

 

Бізді TDKO қосымшаcынан оқу ыңғайлырақ! App Store-дан жүктеу үшін.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK