Бүгін Талдықорған қаласының орта мектептері оқушылары арасындағы мектеп лигасының ашылу салтанаты өтті. Жалпы білім беретін мекемелер арасындағы бұл шара дәстүрге айналған.

Жарыстың ашылу салтанатында қалалық спорт бөлімінің басшысы Әділет Рымтаев сөз алып, аталмыш жарыстың маңызына тоқталса, грек-рим күресінен Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбақыт Теңізбаев пен каратэден Әлем чемпионы Мерей Сүйінов жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін ақтарды.

Ұйымдастастырушылардың айтуынша, жарыс ағымдағы жылдың ақпан-наурыз айларында өтпек. Бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатын көздеген сайыста оқушылар спорттың 13 түрі бойынша шеберліктерін байқасатын болады. Мәселен, білімгерлер футбол, баскетбол, волейбол түрлерінен бөлек, асық ату, тоғыз құмалақ сынды ұлттық ойын түрлерінен де өз араларында үздіктерін анықтамақ. Жалпы сайыстың аяғына дейін 37 жарыс өткізіліп, жеңімпаз атанғандар облыстық «Мектеп лигасына» жолдама алатын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK