ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры

1812
Дереккөз

«ХХІ ғасыр – ғылым мен білімнің ғасыры. Әсіресе қолданбалы ғылымның көз ілеспес жылдамдықпен дамып жатқанын көріп отырмыз. Ғалымдар жаңа көкжиекке көз тігуі тиіс. Біз әлемдік жаңа технологияларды игеріп, өзімізге бейімдеуіміз керек».  Жастардың ғылыми дағдыны меңгеріп, оны іске асыруда, яғни идеядан нақты нәтижеге жету барысында стартап академия алаңының маңызы зор.

Дереккөз


Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ғылым саласын дамыту қажеттігін   атап  өткен болатын. «Бұл мәселе бойынша бізге тың көз­қа­рас пен жаңа тәсілдер керек, сондай-ақ ха­лық­аралық тәжірибеге арқа сүйеуіміз қажет. Үкіметке жыл сайын әлемнің жетекші ғылыми орталықтарында 500 ғалымның тағылымдамадан өтуін қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Жас ғалым» жобасы аясында зерттеу жүргізу үшін 1000 грант бөлуді тапсырамын. Ірі бизнес өкілдері өңірлік универ­си­теттердің ғылыми қызметін қамқор­лыққа алса, нұр үстіне нұр болар еді. Бізге елімізді ғылыми-технологиялық тұрғыдан дамыту жөніндегі арнаулы бағдарламалық құжат қажет. Оның бас­ты міндеті ұлттық деңгейдегі нақты мәселелерді шешуге ғылымның әлеуетін пайдалану болмақ» –деді.

Дереккөз

Дамир Дигай, имидждік саясат орталығының директоры:  2017 жылы І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  алғашында ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциализациялау офисі құрылса, қазіргі таңда имидждік саясат орталығы  жұмыс жасайды. Біздің негізгі миссиямыз — мемлекетімізді жедел әртараптандыру және экономикасын тұрақты дамыту үшін нақты ғылыми үлестермен қамтамасыз ету. Start-Up академиясы білімгерлердің тың идеяларын ары қарай дамытып  университетішілік, қалалық, облыстық,  аймақтық байқауларға  қатысуға атсалысады. Университет тек білім шаңырағы ғана емес, ғылымға да айрықша көңіл бөлуде. Оның дәлелі аталмыш академия деп айтуға толық негіз бар. Стартап жобаларды құру мен оны дамытуға арналған арнайы курс, тренингтер жиі өтіп тұрады.  Мұндағы мақсат – жастардың тың жобаларын  тек мемлекетімізде ғана емес, сонымен қатар  әлемдік  деңгейге шығару, Мемлекет басшысы Жолдауында айтылған міндеттерді атқара отырып, еліміздің технологиялық саласын жетілдіру.

Дереккөз

2019 жылы Жастар жылы аясында  І.Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті Start-Up Academy  базасында және Алматы облысының кәсіпкерлер палатасы университетте жастар кәсіпкерлігін дамыту, ғылыми және инновациялық әлеуетті іске асыру, жас ғалымдар мен жаңадан бастаушы кәсіпкерлер арасында стартап жобаларды дайындау мақсатында «Атамекен» ҰКП өкілдігінің кеңсесі ашылды. Стартап академия мен «Атамекен» ҰКП инновациялық және стартап  жобаларды жүзеге асыру үшін Алматы облысының жас кәсіпкерлері мен жас ғалымдары үшін жағдай жасайды, сондай-ақ гранттық қаржыландыру бағдарламаларына қатысу, инвесторларды іздеу және бизнесті жүргізу дағдыларына үйретеді. Облыстың жетекші кәсіпкерлерінен  шеберлік сабақтары, оқыту семинарлары өткізіліп тұрады. Start-Up академиясы «Атамекен» кәсіпкерлік ұлттық палатасымен бірігіп, жас ғалымдарға  карантин кезінде тиімді жағдайлар жасауда. Жас ғалымдар өздерінің өтінімдерін өткізіп, нәтижесінде қолдауға ие болуда. Электрондық база арқылы іріктеу жүргізіліп, алдағы уақытта  болатын байқауларға қатысуға қолдау көрсетеді. Білімгерлердің шет елдік байқауларға, тренингтерге, жобаларға барынша қатысуына ықпал етілуде. Бүгінгі таңда індетке қарамастан,  zoom бағдарламасы арқылы қатысып, тәжірибе жинақтап, білімдерін шыңдауда. Азғантай уақыт ішінде бірқатар жетістіктерге қол жеткіздік. Мысалы CCI Қазақстан компаниясы мен «Орталық Азияның Евразия Қоры»  жыл сайын жастардың экология және әлеуметтік саладағы маңызды бастамаларын қолдауға арналған  «3.2.1. Старт!» жобасын өткізеді. Мұндағы мақсат – жастарға өңірлердегі өзекті проблемаларды анықтап, оларды кәсіпкерлік және  әлеуметтік кәсіпкерлік жобаларын ұсыну арқылы шешуге мүмкіндік беру. 2018 жылы  70-тен астам қатысушы өтініш білдірген сайыста   барлық талаптарға сай келер  10 үздік жоба авторлары финалға жолдама алды. Сол финалистер арасында университетіміздің қос білімгері болған болатын.

Дереккөз

Өткен жылы Алматы облысының ішкі саясат басқармасы, «Тамшыбұлақ» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп «Social IT. Жаңа білім — жаңа мүмкіндіктер» атты әлеуметтік — білім беру курстары ұйымдастырылды. «Inclusive IT» әлеуметтік жобасы байқауының соңғы кезеңінде  Дамир Нұркежановтың «Робототехника бойынша оқыту орталығының ашылуы» ең үздік жоба деп танылып, 1 000 000 теңге  көлемінде  грант жеңімпазы болды. Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрлігі мен Бүкіләлемдік  банк ұйымдастырған жоба аясында офис қызметкері Олжас Закирұлы  180 000 000 теңге көлемінде грантқа ие болды.  Біздің жағымды жаңалықтарымыздың бірі ағымдағы жылы Нұр-Сұлтан қаласындағы  «Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технологиялық паркі»  және І. Жансүгіров атындағы Жетісу  университеті екі жылдық мерзімге инновациялық экожүйе мен индустриялық-инновациялық жобаларды дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Нәтижесінде:
— Қазақстанның стартап экожүйесін қолдау және дамыту;
— Қор мен Университет бағдарламаларына қатысушылардың тиімді қызметін ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
-инновациялық стартап жобаларды, сондай-ақ оқу іс-шараларын іске асыру;  -инновациялық қызметті насихаттауға, инвестициялық мәдениетті дамытуға және аймақ пен өнеркәсіптің өзекті мәселелерін шешуге бағытталған бірлескен іс-шаралар;
— Қордың IT-стартаптарын қолдау мәселелері және қызмет мәселелері бойынша ақпараттық қолдау көрсету;
— тиісті қызмет саласында тараптар жинаған тәжірибе мен біліммен алмасу бойынша жұмыстар атқарылуда.

Дереккөз

Орталық Азиядағы IT-стартаптардың ірі технопаркі «Astana Hub» цифрландыру мен IT жобаларды дамыту мақсатында біздің Start-Up академияны аймақтық серіктес ретінде таңдағанын атап өткім келеді. Ғылым қарыштап дамып жатқан заманда біз де өз тарапымыздан заманауи үдерістен қалмау үшін тәжірибе жинақтап отырамыз. Күні кеше орталық қызметкерлері біліктіліктерін арттыру мақсатында  USAID «Central Asia: region of full opportunities» кәсіпкерлікті және бизнес ортаны дамыту бағдарламасына қатысты. Оқыту бағдарламасы негізінде АКТ саласындағы жас кәсіпкерлер мен әйелдерді қолдау бағдарламаларын құрудың әдіснамалық негіздері, білім беру/нетворкингтік іс-шаралар өткізу,  менторлар/тәлімгерлер/сарапшылар клубын іске қосу, инвестицияларды тарту тәсілдері, кәсіпкерлер мен стартаптар қауымдастығын қалыптастыру, кәсіпкерлерді қолдау тобы жұмысының принциптері/құрылымдары,  инвестициялау құралдары дағдыларын меңгерді.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK