Талдықорған қалалық партия филиалында өңірдегі танымал спортшылардың жастармен кездесуі ұйымдастырылды.

Олимпиада чемпионы, Азияның екі дүркін чемионы, әрі спорт шебері Нұрбақыт Теңізбаев және шинкиокушинкай каратэден әлем чемпионы Мерей Сүйінов  жастармен кездесуде  спорт саласындағы жетістікке жету жолымен бөлісті.

Кездесуде облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Серік Нұрқадыров және қалалық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Аманжол Жазықбаев сөз алып, бұл шараның мән маңыздылығына тоқталып, өңірдегі спорт саласындағы партия мүшелерінің еңбегін де атап өтті.

 Өңірімізде дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін  барлық жағдай қарастырылған.   Айтар болсақ, 3592 бірлік спорттық құрылымдар бар, оның ішінде, 25 стадион, 2 спорт сарайы, 11 спорттық құрылымдар кешені, 2 құрама командалардың оқу-жаттығу орталығы, 31 спорт кешені (оның ішінде 9 дене шынықтыру-сауықтыру кешені),  2 шаңғы базасы, 248 атыс тирі, 4 атыс алаңы, 2 яхт-клуб,  1 конькимен жүгіру стадионы, 19 хоккей корты, 2105 жазықтық құрылым, 26 теннис корты, 7 ипподром, 50 бассейн, 879 спорт зал, 178-і жалғасып салынған спорт залдар. Шара соңында спортшылар  жастардың сауалдарына жауап беріп, естелік  суретке түсті.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK