Талдықорғанда бірден 3 күрделі ота жасалды

100

Жетісу облыстық кардиологиялық орталықта Астана, Алматы және Талдықорған қалаларындағы бірнеше медициналық мекеме дәрігерлерінің қатысуымен науқасқа бір мезгілде бірден 3 күрделі ота жасалды. Қазақстанда алғаш рет үш сала мамандары бірлесіп жасайтын  ота науқастың өмірін сақтап қалуға мол мүмкіндік берді.

Биылғы жылдың  маусым айында миокард инфарктісін алған 74 жастағы  науқас жүректің ищемиялық ауруымен ауырып, дәргерлер көмегіне жүгінген.

 – Отаға дайындау барысында науқастың сол жақ бүйрегіндегі ісік, оң жақ ұйқы артериясының зақымдануы және жүректің коронарлық тамырларының зақымдануы сияқты басқа да аурулары анықталған болатын, -деді кардиологиялық орталықтың директоры Нұрсан Сурашев.

Мамандардың мәліметінше, ота үш кезең бойынша жасалған. Бірінші кезеңде науқастың ұйқы артериясы стенттелген. Бұл отаны жасау үшін елімізге танымал нейро-интервенциялық хирург, ҚР Президентінің іс басқармасы медициналық орталығының ауруханасы директорының орынбасары Мыңжылқы Сайлауұлы Бердиходжаев және Алматы қаласындағы «Орталық клиникалық аурухана» АҚ нейрохирургі Мұсабеков Мақсат Ғабитұлы арнайы келген. Осыдан соң науқас бірден коронарографиялық ота жасау бөлімінен кардиохирургиялық ота жасау бөліміне жеткізіліп, облыстық кардиологиялық орталықтың мамандары ашық жүрекке аорта-коронарлық шунттеу отасын жасаған. Ал, үшінші кезеңде науқастың онкологиялық көрсеткіштеріне байланысты сол жақ бүйрегін алып тастау отасы Талдықорғандағы облыстық көпсалалы клиниканың мамандарымен бірлікте жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, қазіргі кезде науқастың жағдайы тұрақты, кардиохирургиялық реанимация бөлімінде жалғасты ем қабылдауда.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз