Қазақстанда 26 қазаннан бастап, кинотеатрларға жұмыс істеуге рұқсат етілді. Бұл туралы Премьер-министр Асқар Маминнің қатысуымен өткен  отырыста мәлім болған еді. Алайда, бұл рұқсат эпидемиологиялық жағдай бойынша «анағұрлым қауіпсіз» зонаға кіретін өңірлердегі кинотеатрларға ғана берілген. Соған орай,  елімізде кинотеатрлар тек санаулы қалаларда ғана ашылды деп жазды KAZ.NUR.KZ. –ке сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Белгілі болғандай, Алматы, Нұр-Сұлтан мен басқа қалалардағы кинотеатрлар жұмысын жалғастыруға ресми түрде рұқсат ала алмаған. Бұл туралы Kinopark желісінің PR-директоры Ерлан Бұхарбаев айтты. Оның сөзінше, бүгін тек Ақтау мен Атырау тұрғындары ғана үлкен экраннан фильмдерді тамашалай алады. Сонымен қатар, желіде кино билеттерінің күрт қымбаттап кеткені туралы ақпарат тарап кетті. Онда Алматы кинотеатрларының бірінде сеанс құны 20 мың теңгеге шарықтап кеткені жазылған. Бұхарбаев бұл ақпаратты жоққа шығарып, оның шындыққа жанаспайтынын кесіп айтты. «Бұл ақпаратқа мән бермеулеріңізді сұраймын. Алматы кинотеатрлары әлі де жұмыс істеп тұрған жоқ. Билетке қатысты айтарым: кинобизнес өте аянышты халде екеніне қарамастан, біз бағаны ұстап тұрмыз.

 Сонымен қатар ол қазақстандықтар кинотеатрлар ашылған соң, қандай фильмдерді тамашалай алатынын айтты. Мәселен, Атырауда  қазақстандық «Любовь на миллион» фильмінің тұсаукесері өтпек. Одан бөлек, көрермендер «Мулан», «Довод», «Пышка», «Жаным, ты не поверишь» және тағы да басқа қызықты киноны көре алады. Кинотеатрларда көбіне карантин салдарынан жарыққа уақытылы шыға алмаған туындылар көрсетіледі. Оның үстіне енді кинотеатрлар ашылған бойда отандық киногерлердің жолы болмақ. Себебі, көрерменге жол тартатын туындылардың басым көпшілігін қазақстандық кино құрайтын болады.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK