Ресейдің Гамалея орталығының ғалымдары 80-нен астам патогенді, оның ішінде SARS-CoV-2 коронавирусын тұтып алатын арнайы кешен ойлап тапты. Бұл туралы ғалымдар айтып отыр,-деп хабарлайды taldykorgan-online.kz

«Патогендік биологиялық агенттерді анықтауға арналған автоматты кешен – ауадағы 86 патогендік биологиялық агент нысанын – вирустарды, бактерияларды, токсиндерді анықтауға мүмкіндік беретін құрал. Бұл құрылғы тікелей адамның қатысуынсыз жұмыс істей алады, 24/7 тұрақты режимінде ауадағы қауіпті биологиялық агенттерді анықтайтын көрінеді.

Бұл құрылғыны вирустың таралуына жол бермеу үшін көлікте, адамдар көп жиналатын жерлерде пайдалануға болады деп жоспарлануда.

Құрылғы автоматты режимде жұмыс істей алатын бірнеше модульден тұрады.

Құрылғы нақты уақыт режимінде жұмыс істейді, ауадағы патогендердің жоғарылаған шоғырлануын анықтаған бойда биологиялық агент түрін анықтайтын терең талдау механизмі іске қосылады.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK