Көзімізді жұмып жатырмыз

688
дереккөз

 

Танымал айтыс ақыны Есенқұл Жақыпбеков пен Шорабек Айдаров құшағы ажырамаған дос екен. Бірі Таразда, бірі Алматының іргесіндегі Ұзынағашта тұрса  үнемі екеуі бірінің жоғын бірі тауып беріп жүріпті. Тіпті, Есенқұл Шорабекке Баян сұлу  есімді жар тауып беріп, үйлендіріп жіберген.

Есенқұлдың  жасаған жақсылығына дән риза Шорабек әрдайым жырға қосып  айтатын. Екі  шайыр КАЗМУ-ды он жыл оқып әрең тауысыпты. Сырттай оқитын екеуі сессияға келген сайын, сырахана, мейрамханаларды жағалап, түннің бір уағында жатақханаға оралады екен. Басқа студенттер оларды балкон арқылы ішке кіргізіп алып жүріпті. Күнде осы әдетке басып, сабақ жайына қалып, тапа-тал түске дейін ұйықтайтын екі серіні бір күні  жанашыр достары іздеп келіпті.  Келгендердің бірі: «Әй, тұрмайсыңдар ма,  шаңқай түс болды, жарқырап тұрған күнді көрмейсіңдер ме?» десе, керек. Сонда Шорабек: «Сол күннен ұялғаннан көзімізді жұмып жатырмыз», – деген екен.

 

А.БҰЛҒАҚОВ.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK