Елбасы Н.Назарбаев:
«Жас сарбаз» қозғалысы еліміздің барлық өңірінде құрылуға тиіс. Жастар осы қозғалыстың
қатарынан табылуы қажет. Сондықтан, дене шынықтырумен айналысып, әскери мамандықтарды игерген жөн. Бұл ұйым Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, патриоттар тәрбиелеу ісіне белсенді атсалысуы керек. Сонда ғана сіздер халықтың тірегіне айналасыздар.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2020 жылдың наурыз-маусымында және қыркүйек-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы жарлыққа өзгеріс енгізгені белгілі. Реті келгенде Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының Отан қорғауға сарбаз беруден облыс көлемінде алда келе жатқанын айта кетуді жөн көрдік. Әрине, мұндай жетістік басшының біліктілігі мен тәжірибесінің жемісі десек, артық емес. Осы орайда Алматы облысы Талдықорған қаласының Қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы полковник Мейрембеков Ерен Оқасұлымен жүздестік. Президент Қасым- Жомарт Тоқаевтың қыркүйекте халыққа жолдаған Жолдауындағы тапсырмаларды басшылыққа ала отырып, айтулы мекеменің атқарып жатқан жұмысымен, тыныс- тіршілігімен таныс болдық.

Ерен Оқасұлы, редакцияға қош келдіңіз. Биыл әскери қызметке шақыру туралы Жарлыққа өзгеріс енгені белгілі. Қазіргі пандемия кезінде жас сарбаздар борышын қалай өтейді? Енгізілген өзгерістердің бұған қатысы бар ма?

– Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жар-лықта: «Әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметіне мерзімді әскери қызметке шақырылсын. Жергілікті атқарушы органдар тиісті жергілікті әскери басқару органдары арқылы 2020 жылдың наурыз – тамызында және қыркүйек – желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізуді ұйымдастырсын және қамтамасыз етсін», — деген болатын.
Президенттің 2020 жылғы 30-сәуірдегі №312 Жарлығымен азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру маусым айынан басталып, тамызға дейін, қыркүйектен – желтоқсанға дейін күзгі шақыру ұзартылды. Биыл азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қолданыстағы заңнамаға сәйкес, барлық талаптарды қатаң түрде сақтай отырып жүзеге асырылуда. Науқанның іске асырылуына келсек, облыс бойынша Талдықорған қаласы жоспарды орындаудан биыл да алда келеді. Үстіміздегі жылы Талдықорған бойынша 300-ден астам бозбала азаматтық борышын өтеуге аттануы жоспарда.

Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру қалай жүргізіледі? Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру қандай себептермен кейінге қалдырылады? Кімдер әскерден босатылады?
– Азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы негізінде жылына екі рет жүргізіледі. Әскери қызмет және Қазақстан Республикасын қорғау-әр азаматтың парызы мен міндеті. 18 жастан 27 жасқа дейінгі, әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе әскерге шақырылудан босатылуға құқығы жоқ азаматтар Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды жасақтау үшін қажетті санында мерзімді әскери қызметке шақырылуға жатады.
Алдымен Қазақстандағы әскери тәртіп бірнеше бағыттарға бөлінетінін атап өтейін:
мерзімді әскери қызмет 18-27 жастағы ер адамдар үшін 12 ай мерзімге;
запастағы офицерлер қызметі — 29 жасқа дейінгілер үшін;
келісімшарт бойынша әскери қызмет (келісімшартта көрсетілген мерзімге сәйкес);
Күзгі әскери қызметке шақыру науқаны басталып кетті. Әскерге шақыру жылына 2 рет жүзеге асырылады. 12 жылғы 16-ақпандағы №561-ІV Заңының 35 — бабында көрсетілгендей, азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) әскерге шақыру комиссиясының шешімі бойынша іске асады.
Ал, енді әскерге шақыруды кейінге қалдыру отбасы жағдайлары бойынша, білім алуды жалғастыруы үшін, денсаулық жағдайы бойынша және тағы басқа да себептермен беріледі. Мерзімін кейінге қалдыру мынадай жағдайлар бойынша ұсынылады
-отбасы жағдайлары бойынша;
-білім алуды жалғастыру үшін;
-денсаулық жағдайы бойынша;
басқа да себептер бойынша.
Егер әскерге шақырылушы студент болса, онда оқу орнынан анықтама әкелген жағдайда әскерге барудан босатылады. Жыл сайын қыркүйек айында міндетті түрде ол шақырту алса, сәйкесінше оқу орнын тәмәмдағанға дейін анықтама өткізіп тұрады. Әскерге барудан бас тартып, өздігінен себепсіз бармай қалу деген болмайды. Әскерге шақыртудан қандай азаматтар босатылады дегенге келсек, отбасын құрғаннан кейін, сәбилі болған жағдайда отбасын асыраушы ретінде, сондай ақ, бір үйдің жалғыз баласы әкесі қайтыс болған жағдайда отбасын асыраушы ретінде әскерге барудан босатылады.

– Әскери — патриоттық, рухани тұрғыдағы іс- шаралар қаншалықты жүзеге асуда?
– Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы 5-қазандағы Жолдауында республика бойынша әскери-патриоттық тәрбиеде штабтар ұру тапсырылған болатын. Осы Жолдауға сәйкес 2019 жылы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы Еркін ауылдық округіне қарасты Е.Берліқожаұлы атындағы №11 орта мектептің базасында 5 пен 11 сынып аралығында Талдықорған қаласындағы №19 орта мектеп гимназиясында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық сыныптары ашылды. Әр мектепте 25 оқушыдан жалпы саны 50 жас сарбаздар кадет сыныптарында тәрбиеленуде. «Жас сарбаз» құрылғаннан кейін Ушинский атындағы №7 орта мектеп гимназиясынан «Жетісу тарландары» деген клуб құрылды. Клуб пен сыныптың айырмашылығы – клубқа қала аумағындағы 31 мектептен жоғарғы 10-11 сынып оқушылары жиналып, штабта патриоттық тәрбиеде кездесулер өткізеді. 28-қыркүйек күні Алматы облысы әкімінің орынбасары Рустам Әлидің жетекшілігімен онлайн түрде «Айбын» республикалық жастардың патриоттық жиынының салтанатты ашылуы болды. Бұл жиын жылда Қарағанды қаласында өтетін, биыл пандемияға байланысты әр облыс өздері өткізуде.
Жыл басында Алматы облыстық қорғаныс істер жөніндегі департамент, Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің әскери-техникалық мектебінің Талдықорған филиалы, 18404 әскери бөлімі, Талдықорған қорғаныс істері жөніндегі басқарма, Талдықорған әскери-гарнизоны, облыстық білім басқармасы бірігіп конференция өткізді. Шара барысында әскери — патриоттықты дамыту жөнінде меморандумға қол қойылып, жоспар бекітілді. Мысалы, өзіміздің 18404 әскери бөлімде әскери мұражай бар. Жас сарбаз мүшелеріне рухани тұрғыда тәрбие беру мақсатында осы мұражайға саяхат жасалып тұрады. Келешек ел қорғандарына уақытпен автомат бұзып, қайта жинау сынды шынықтырып, Отан қорғауға бейімдеу сабақтары өтіп тұрады.

– Алдағы күннің жоспары қандай?
– Алдағы күннің еншісіне артар жоспары-мызбен бөліссек, таяуда Талдықорған қала-
сының әкімі Ғалымжан Райылұлының қа-былдауына Талдықорған қаласының жеке әскери шақырту пунктін салу бойынша жобамен кірген болатынмын. Ойлағанымыздай, екі қабатты шақыру пунктінің жобасы бектіліп, келесі жылы іргесі қаланбақ. Бұл біз үшін өте маңызы бар нысан болмақ, себебі, әскерге барушылар медициналық тексерістен осы жерден өтіп, бір жерде жиналатын болады. Қарулы күштер ардагерлерімен, запастағы әскерилермен, Тәжік- Ауған соғысы ардагерлерімен, Ауған соғысының ардагерлерімен қоян-қолтық тығыз жұмыс жасау да жоспарда бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Алматы облыстық қарулы күштері жайлы материалдарды жинақтау үстіндеміз. Жыл соңына дейін осы атаумен кітап басып шығаруға дайындық жүріп жатыр.
— Сұқбатыңызға рахмет!

Динара Аужанова

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK