Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің төртінші отырысында білім беру жүйесі туралы айтып, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын ояту керегін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасап taldykorgan-online.kz .

Биыл білім беру жүйесі бұрын-соңды болмаған қиындықтарға тап болды. Пандемия біздің мектептеріміздің сандық инфрақұрылымын дамытудағы, сондай-ақ мектеп оқушыларын компьютерлермен қамтамасыз етудегі проблемалар мен теңгерімсіздіктерді ашты. Бұл мәселелерді Үкімет дәйекті түрде шешіп келеді. Мемлекет біздің мектептерде сапалы білім беру процесін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда. Бұл жерде мен мектептегі білім берудің мазмұндық жағына назар аударғым келеді. Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді», — деді Президент.

Қазақстан мектептерінде білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі жоғары оқу мәдениетін қалыптастыру және оқу сауаттылығын дамыту болуы тиіс. «Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балалардың мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек, ал кітапхана осы қызығушылықтың орталығы болуы керек. Кітаптардың қызықты әлеміне жолсерік болуы қажет», — деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK