Талдықорғанда қарулы күштердің білімділігі мен біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы әдістемелік жиын өтті. Достық үйінде өткен басқосуға аймақтағы әскери саланың жетекші-мамандары мен қатар «Nur Otan» партиясының және «Jas Otan» жастар қанаты Алматы облыстық филиалының өкілдері қатысып,  ой-пікірлерімен бөлісті.

Жиында жеке-жеке сөз алған әр саланың жауаптылары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған әрбір бағытқа кеңінен тоқталып, оны жан-жақты нәсихаттады. Сонымен бірге жиында Президент тапсырмасына сай, аймақтағы әр салада атқарылып жатқан жұмыстар жайы баяндалып, арнайы бейнебаян арқылы таныстырылды.  Нақты айтқанда, Президент Жолдауында «Қазіргі міндет — халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру, тұтас ұлт сапасын арттыру, ол үшін жастар білімді болуы тиіс. Сонымен  қатар  жастарды ерінбей еңбек етуге бейімдеу мен бірге темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек. Бұл  бағытта   әділдіктен айнымаған жөн. Әділдік  – қоғам дамуының маңызды шарты. Бізге керегі – адалдық, ұқыптылық, тиянақтылық. Бәріміз нағыз қазақты дәл осындай кейіпте көргіміз келеді. Біз сонда ғана бәсекеге қабілетті мемлекет, зияткер ұлт қалыптастыра аламыз»,- деп, айқын атап көрсетілген.Сондықтан біз түрлі заң бұзушылыққа жол бермей сыбайлас жемқорлықтың алдын алып өңірлердің өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз қажет. Қорытып айтқанда  Президент Жолдауы ел экономикасын арттырып, дамуға дара жол ашады, — деді  жиынға қатысушылар.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK