Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» аты кезекті жолдауында «Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму-еліміз үшін алдыңғы кезекте тұрған мәселе»,– деп атап көрсеткен болатын.  

Адамның денсаулығының төмендеп, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының анықтамасы бойынша, денсаулық — тек аурудың болмауы емес, ол – толық физикалық,психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. Адамның денсаулығына зиянды әсерететін факторлардың ішінде әртүрлі ластаушы заттар бірінші орын алатын көрінеді. Оған, әрине, ең бірінші адамның іс-әрекетінің нәтижесінде жыл сайын қоршаған ортаға 4 млн. астам зиянды заттарды шығаруы өз әсерінтигізуде. Яғни, ауа, су көздері, топырақтың ластануы жауапты сала мамандарының бақылауында болуы маңызды. Осы орайда, біз Алматы облысы бойынша экология департаментінің ЗТББ СЗ басшысы Ерасыл Баратұлы Бекжановпен сұқбаттасқан едік.

— Ерасыл Баратұлы, өзіңіз басқаратын саланың басты міндетіт уралы айтсаңыз.

– Қарапайым адам үшін экология — ауа, жер, су және адам ағзасын барынша зиянды элементерден тыс ұстайтын, таза қалпында қоршап тұратын компоненттер қатары болып табылады.

«ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитетінің  Алматы облысы бойынша экология департаментіжәнетабиғиресурстаргеологиясы» РММ-ніңбастапқыміндеті, оныңережесінесәйкес, экологиялыққауіпсіздіктіқамтамасызетіп,  қоршағанортаның сапасын жақсарту, табиғи ресурстарды сақтап, қоғамның экологиялық тұрақты дамуының қолайлы деңгейіне жету болып табылады.

Қоршаған ортаның экологиялық жағдайын бағалау негізінде «ҚР экологиялық реттеу және бақылау комитетінің  Алматы облысы бойынша экология департаменті» РММ-і базасында сынақ зертханасы өз қызметі барысында көлік құралдарымен өнеркәсіптік құрылымдардың атмосфераға шығарындылар мөлшерін анықтап, жерүсті су көздерінің, топырақтың ластануына аспаптық өлшеу арқылы, талдауларды жүзеге асырады.

– Жыл басынан бері қанша аумаққа, қандай тексеру шараларын жүргіздіңіздер? Нәтижесі қандай?

– Әкімшілік шешімдер қабылдау мақсатында сынақ зертханасы 2020 жылдың 9 айында 9 кәсіпорын, 2 су көздерін (өзендер, көлдер, су қоймалары) қадағалауарқылы, 89 тексерісжүргізіп, 451 сынамаалынды. Анықталған заң бұзушылықтар бойынша табиғат пайдаланушыларға қатысты бұзушылықтарға 142,0 мың теңге көлемінде 2 айыппұл салынып,  1236,7  мыңтеңге құрайтын 5 талап ұсынылды.

Сынақ зертханасы қызмет барысында 2020 жылдың 9 айы қорытындысы бойынша Алматы облысының қоршаған орта ластануының келесі бұзушылықтарын анықтады:

Атмосфераның ластануын бақылау:

— 56 тексеру өткізіліп, 102 сынама алынды, 640 анықтама жүргізілді. 3,1 мың теңге көлемінде 1 айыппұл салынып, 650,2 мың теңге сомасында 2 талап ұсынылды.

Көлік құралдары ластануын бақылау:

— 52 тексеру жасалды, 52 сынама алынып, 490 анықтама жүргізілді. Жалпы сомасы 240,6 мың теңгеге 2 талап ұсынылды.

Алматы облысы полиция департаментімен бірлескен «Таза ауа» рейдтік шарасы барысында, 3 автокөлік құралдарынан шығатын ластаушы заттардың нормативтен асып түскен іанықталды, сәйкесінше әкімшілік шаралар қолданылды.

Су көздерінің ластануын бақылау:

— 3 кәсіпорынға сараптама жүргізілді, 2 су көзіне 23 тексеружүргізілді. 207 сынама алынып, 534 анықтама орындалды. 138,9 мың теңге көлемінде 1 айыппұл салынды және 345,9 мың теңге көлемінде 1 талап ұсынылды.

Топырақтың ластануын бақылау:

— 1 кәсіпорын қадағаланып, 10 тексеру жүргізілді, 10 сынама алынып, 30  анықтама жүзеге асырылды.

Экологиялық кодекстің 163-бабының 2-тармағына сәйкес, жалпыға бiрдей қолжетiмдi экологиялық ақпаратты құрайтын жекелеген мәлiметтер мен деректерге қолжеткiзу оларды жеке және заңды тұлғалардың сұратуы бойынша беру, бұқаралық ақпарат құралдарында, арнайы басылымдарда тарату, Интернетте орналастыру арқылы, сондай-ақөзге де жалпыға бiрдей қолжетiмдi ақпараттық-коммуникациялық құралдар қолданыла отырып жүзеге асырылады.

— Сұқбатыңызға рақмет.

Г.Нұршанова.

 

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK